Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанауымен танымал болған Ксения Панкратова енді Қайыңды көлінде видео түсірді.
Бейнежазбада Ксения мұз болып қалған көлдің үстінде конькимен сырғанаған.
“Қайыңды көлінің әсемдігі таңғаларлық. Суық. Аяқ астында шытынап жатқан мұз. Үлкен күш-қуат сездім… Денем тітіркенді”, – деп жазды Ксения Панкратова.