Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Үкіметтің әдемі сөздерінің артында қулық пен айла-шарғы жатыр – Әшімбаев

Фото: ru.sputniknews.kz

Премьер-министрдің сайтында 2010 жылдан бастап Қазақстанда 22 әлемдік брендтің 167 моделін шығаратын 130 жаңа машина жасау зауыты ашылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Автоөнеркәсіптің оқшаулау деңгейі 33%-ды құрайтыны, ал жекелеген модельдер бойынша тіпті 50%-дан асатыны туралы ақпарат тіптен қызық. Бұл автомобильдердің Қазақстандық өндіріс бөлшектерінің кем дегенде үштен бірінен құрастырылатынын білдіреді.

Қоғам қайраткері Санжар Боқаев бұл статистикаға таң қалды. Сосын Қазақстаннан “артта қалған” Жапония (автомобильдердің 14 бренді) және Германия (15 бренд) сияқты  автогиганттарды мысалға келтірді. Авторнарықтың “аутсайдерлерінен” үйренеріміз көп екен.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстан шын мәнінде бір нәрседен озық екенін айтады, ол –ойындағыны шынайы етіп көрсету.

Мегарекордтар статистикасы

–  Данияр, үкімет жариялаған автоөнеркәсіп бойынша цифрларға сенуге бола ма? Гигантоманияға ұқсамай ма?

– Цифрлар өз әдістемелері бойынша құрылған статистикаға негізделеді. Бізде машина жасауға, егер менің есімде болса, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары да жатады. Қалыпты жағдайда, машина жасау дегеніміз – бұл ірі кәсіпорындар, бірақ оған бәрі бірдей кірмейді. Сондықтан біздегі машина жасау зауыты деп аталатын нәрсе іс жүзінде кең түсінікке ие. Өндірілген машиналардың санына қатысты да осылай.

Біздің статистикамыз әрқашан супермегарекордтардың көрсеткіштеріне негізделген

Ал қазір Президенттің вакцинация туралы тапсырмасын Үкіметтің орындау мерзімі жақындап келеді, ол да толғағы жеткен мәселе. Оған қоса, жақында Парламентте Үкімет пен Есеп комитетінің Республикалық бюджеттің 2020 жылғы орындалуы жөніндегі есебі қаралады. Сондықтан қазір жобалар жиналып қалды, шұғыл түрде үлкен жетістіктерді көрсету керек.

– Бірақ егер зауыттар бар болса, онда олар бар деген сөз ғой, оларды жасыра алмайсың…

— Шын мәнінде бізде индустрияландыру бағдарламасы аясында көптеген нысандар салынды. Олардың кейбіреулері жұмыс істеп тұр, кейбіреулері тоқтап қалды. Бұл жағдайда біздің статистика өте жылпос.

Жақында үкімет жариялаған экономикалық өсу туралы мәліметтер осы өсудің бар екендігін көрсетеді. Ал ненің есебінен?

Құрылыс секторын мысалға келтіреді. Бірақ

пайдалануға берілген шаршы метрдің көлемі, олардың сапасы мен сатылған тұрғын үйдің саны – әртүрлі өлшемдер. Миллиондаған бос тұрған шаршы метрлердің ешқандай пайдасы жоқ

Қазақстанның шикізаттық емес салаларының нақты өндірісіне ешқандай қатысы жоқ кедендік статистика бар. Осы статистикаға сәйкес, біз өзіміз өндірмейтін ұялы телефондарды да, ұшақтарды шығарамыз. Бұл жерде фирмалар арасындағы Тауарларды қайта сату сөз болып отыр. Бұл цифрлар экономиканың нақты өсуіне қатысы бар ма? Әрбір айтылған көрсеткішті неғұрлым мұқият талдау керек.

Дәлелсіз сөздер

– Президент біздің еңбек саласындағы саясатымызды бірнеше рет айыптады. Қазақстанда тұрақты жұмыс орындары құрылмайды. Президенттің сынына жауап болған жоқ. Ал тұрақты жұмыс орындары – бұл ішкі нарыққа және экспортқа өнім шығару бойынша жүйе құраушы кәсіпорындар.

Тұрақты жұмыс істейтін және ондаған мың адамға жұмыс беріп отырған 150 кәсіпорын туралы айтқанда, бұл цифрларды нақты мысалдармен бекіткен жақсы болар еді

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының (ҮИИДБ) 2010-2015 жылдарға арналған бірінші бесжылдығы іске қосылған кезде бірыңғай әдістемесі, статистикалық есебі және бақылауы бар бірыңғай орталық болды. Бесжылдықтың соңына қарай бұл ҮИИДБ ҮИИДБ-2, ҮИИДБ-3 және “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық даму бағдарламасына бөлініп кетті. Барлығы толығымен шатасты.

Енді қай бағдарламаның басымдылығы және көрсеткіштері ескерілетіні түсініксіз. Яғни, бастапқы іс түсініксіз цифрлармен, соңында жоқ болды. Сондықтан бұл бағдарламалардың тиімділігін бағалау қиынға соқты.

“Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы бар. Оның сол ҮИИДБ-мен қандай байланысы бар? Нақты нәтижені түсіну үшін әрбір нақты цифрды тексеру керек. Және әрбір үкіметтік баяндаманы жеке талқылауқажет. Статистика деректерін де дәл солай.

Шикізаттық емес экспорт — индустрияландырудың маңызды көрсеткіші – Қазақстанда доллармен және пайызбен өлшенеді. Ал бұл барлығымыздың бір-бірлеп есептегіміз келетін дүние

Неліктен станоктар, желдеткіштер, аккумуляторлар, трансформаторлар қанша экспортталғаны туралы ақпаратты ашып көрсетпеске? Долларлар мен пайыздар өте жымысқы көрсеткіш. Сондықтан Қазақстан 167 түрлі машина шығарады деп айтқан кезде, нақты қандай түрін және қандай көлемде екенін айту керек. Үкімет мұндай сұрақтарға жауап бергенді ұнатпайды.

Барлық жағынан чемпиондар

— Қазақстандық автомобильдерді шығару бойынша жобалар көп болды ғой, иә?

— Енді, бұл ұзақ уақыт бойы бәрі әбден айыптаған өндіріс. Елде қандай да бір өнеркәсіптік саясат бар, бір нәрсе шынымен жұмыс істейді, бірақ цифрларымен бізді алдайды.

Бір кездері Қазақстанды шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азияның рекордсмені деп атаған болатын. Бірақ тартылған инвестицияларға – кредиттік желілер де, активтерді сату да кіреді. Өте кең ауқымдағы түсінік. Көптеген несие желілері бойынша ақша А нүктесінен В нүктесіне жетпегенін білеміз. Бюджеттің несиелер желісінің топтамасына есептелетіні туралы бірнеше дау-дамай да болды.

Нәтижесінде,

“Қазақстан – шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордшы” деген сөздің артында “Қазақстан – өсіп келе жатқан сыртқы қарыз бойынша да чемпиондардың бірі” деген жымысқы сөз жатыр»

Яғни, әрбір әдемі мәлімдеменің артында жалған статистика мен фактілермен манипуляциялау жатыр.

Мүмкін, үкімет мақтанып отырған бұл автоөнеркәсіп бар да шығар. Бірақ нақты дәлелдерсіз сену қиын.

Тіпті “жол полициясы” деген жазуы бар балалар ойыншығында да  Қытайда жасалған деген жазуы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз