Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Үкімет оған креслоны жай берген жоқ…”. Қадыр ақын қандай шындықты айтты?

199

https://kaz.365info.kz/mysykh-khysap-zhabysyp-otyratyn-bakhytbek-esentaevtyn-kharyndasy-bayannyn-maskharasyn-shygardy-foto-276904

Ал егер қарапайым біреу болса далада қалады ғой. Егер сол коммунистік партиясының мүшесі болса қайтер еді? Онда ананы тағы да жаза алмайды. Бұл әдебиеттің өзі – сайып келгенде, тағдыр.

Мысалы…

Фадеевті ешбір адам жаман жазушы деп айтпайды. Бірақ ол қанша роман бастап, қаншасын аяқтамады. Ойы жақсы болғанмен аяқтай алмайды.

Өйткені ол не фальш, өтірікпен аяқталу керек я шындықты жазып Совет Одағына қарсы шығу керек.

Сондықтан ол аяқтамады. Тек бір бітіргені революцияның алғашқы кездеріндегі «Разгром» («Тас-талқан») деген шағын романы. Оның классикасы сол. Сосын өзің білетін «Жас гвардия». Бұл өте трагикалық тұлға. Өзін-өзі атып өлтірген. Біз оны білмейміз, газетте тек қайтыс болды деп жазылды.

https://kaz.365info.kz/shetinen-topas-talgat-temenov-tokhal-filminin-maskharasyn-shygardy-256976

Сөйтсе, ол өз қоғамымен қайшы келген екен. Сол кезде жүріп жатқан саясатты, соның ішінде әдебиет саласын қайта қарау керектігін айтып Сталинге де хат жазған. Біраз адамның өліміне жеке қатысы болмаса да сотталған адамдарға қарсы қол қою керек болған. Сол арқылы оның дұшпандығын анықтайды.

Артынан 54-56 жылдары ол адамдар босанып келіп, Фадеевтің бетіне түкірген. Жалпы Ресейді, барлық ұлттарды жақсы көрген табиғаты адал ондай жанға бұл өте ауыр болды. Мен оны неге айтып отырмын?

Әдебиеттің тарихына сақ болу керек.

Паустовскийдің естеліктер кітабында айтқаны бар, Фадеев Әдебиет институтында сабақ береді. Онысы қызық, лекция оқылмайды, тек семинар. Алты-жеті не он шақты адамы болады. Тапсырма беріледі. Олар әңгіме жазады. Сосын оны талдайды.

Сондай бір сабақ үстінде шәкірттеріне ашық тұрған терезеден аулада үлкен сыпырғышпен көше тазалап жүрген адамды нұсқап, «Ананы танисыңдар ма?» деп сұрайды. Ешкім білмейді. «Бұл орыстың ұлы жазушысы Андрей Платонов»,- дейді. Ол кезде оны тіпті сол студенттердің өзі білмейді…

Сол Фадеевті қазір оқулықтан алып тастады. Ал Платонов кірді. Көрдің бе?

Ол кезде Булгаковтар ауырып, төсек тартып жатты, әйтеуір сотталған жоқ.

Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес.

Теңіздің де толқып-толқып тынышталатын кезі болады, мына Каспийің өзіңе таныс қой, сол сияқты қоғамдық толқулардан кейін барып анықталады.

Абайдың өзіне тиіскендер де болды, феодал деп. Мәселе онда емес қой. Орыстың да, Еуропаның да ең мықты адамдары, ақсүйектердің өзі түгел халықтың жағында болған. Оны ертең мұғалім боласың ба, өзің әдебиетші болып ары қарай жалғастырасың ба, сонда ескеретін бір нәрсе –

бүгіннің бағасы анық баға емес. Оған иманыңдай сен.

Мысалы, мен туралы жұрт жақсы пікір айтады. Мен пенде ретінде соған сенем. Бірақ осы бағамды басқа бағытқа қарсы жұмсағандығым үшін алдым. Көп мақтап жатқанда мен өз заманыма өз бағамды беруге тырыстым.

Мен…

Мен Ленин туралы поэма жаздым. Оны кейінгі кітаптарыма, көптомдықтарыма енгізген жоқпын. Лениннің заманы өтті дегеннен емес. Мен соны бала кезде жазғандығымнан, объектіме толық баға бере алмағандығымнан. Бірақ мен сол поэмадан бас тартпаймын. Ленинді Ресейдің өзі бекер жоққа шығарады. Неге жек көреді? Себебі, Ресей үлкен ел, әрі өздеріне ғана тән армандары бар еді. Ал Ленин патша үкіметін құртқан адам. Оның артында қаншама адамдар, қаншама тағдырлар бар. Сондықтан…

https://kaz.365info.kz/khydashada-nem-bar-edi-tanymal-zhurnalist-endi-tojga-barmajtynyn-ajtty-286067

            Мен не болса да өзімнің деңгейімде, заманыма лайық нәрселер жазуға тырыстым. Өз бағаңды көтеру үшін біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ.

50-60 жыл бойы біздің жазушылардың көбі қоғамға, қоғамды басқарып отырған партияға жағуды ойлады.

Мальцев деген орыс жазушысы болды, төрт рет Сталиндік сыйлық алған адам. Мен сонымен Бүкілодақтық Жазушылар съезінде қатар отырдым. Ешқандай бағасы жоқ. Тіпті әдебиетші ретінде ол жоқ қазір. Ал сол кезде шығармасын бастыра алмай жүрген Платонов қазір классик.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз