Интернетте Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы видеоролик жарияланды.
Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің негізгі бағыттары туралы мәліметтер беріледі.
Еске сала кетейік, 1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Видеоролик Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай түсірілген.