“Мəскеудегі дүкенде қырғыздар ұйымшыл болды. Бір- біріне жаны ашып тұратын. Қыздарын ұрғызбауға тырысатын. Бəрі ұйымдасқан түрде бір түнде қашып кеткен. Ал біз қазақтар бір- бірімізді сатып, хозякаға жақсы көріну үшін бір- бірімізді жамандап, күн көрудің, таяқ жемеудің амалын жасайтынбыз”!
Айдананың осы сөздері ойымнан кетпейді. Неге біз өзімізге келгенде тас жүрек халықпыз? Неге өзімізге келгенде ішіміз тарылып тұрады? Неге біз бірімізді аяқтан шалуға құмармыз? Неге?
Айгүл Орынбек
Фейсбуктегі парақшасынан