Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Үйреншікті тағамдардан улы заттар табылды

1068

Күріште мышьяк болады, ал балықтың кейбір түрлері сынаппен қатты ластанған, деп ескертті Бавария тұтынушылар орталығының тамақтану жөніндегі маманы Даниэла Крел, деп хабарлайды “Российская газета”.

Крел атап өткендей, бейорганикалық мышьякпен ластанған өнім қан тамырларына теріс әсер етеді, жүрек ауруларын тудырады. Сонымен қатар, ақ тазартылған күріштің құрамында құнды заттар жоқ.

Балыққа келетін болсақ, онда сынаптың болуы жануарлардың түріне, жасына және балық аулау орнына байланысты. Ең үлкен қауіп тудыратындар – алып мөлшерге дейін өскен семсер балық пен  тунец. Сонымен қатар, “арқан балық өсіру кезінде жемге қосылатын пестицидтермен және антибиотиктермен ластанған болуы мүмкін”.

Крел сонымен қатар әр түрлі шұжықтардың қауіптілігін еске түсірді, оларды үнемі қолдану жүрек-тамыр аурулары мен онкологияның жоғары қаупімен байланысты.

Бұған тағы консервілерді қосуға болады, олардың құтыларында зиянды бисфенол А бар, бұл балалардың дамуына, жүктілікке кері әсер етіп, қатерлі ісіктердің дамуына әкелуі мүмкін. Маман сонымен қатар фри картобы, чипстер, газдалған сусындар мен жартылай фабрикаттардың қауіптілігін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз