Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Үйлері “қызыл сызыққа” түскен Алматы облысының тұрғындары қайта бас көтерді

Ауылда аз уақытта 600-дей баспана бой көтеріп, халық саны 3 мыңнан асты. Екі жыл бұрын жер телімін алып үй салған Амангелді Тілепов те жол мен үйдң арасын қайта-қайта адымдап өлшейді.

«5 метр жер берсек, есігіміз ашылмай да қалады. Үйді балалардың аузынан жырып бар ақшамызға енді ғана салып болдық. Оны қайта бұзуға обал ғой»

– дейді ол.

2016 жылғы бас жоспарға сәйкес ауыл көшесіндегі жол 15 метрге кеңейген.

Қарасай ауданының 47 елді-мекенінің 45-інде 2014 жылға дейін бас жоспар болмаған деген әкімдік өкілі бұл жоспардың 2025 жылға дейін өзгермейтінін айтады.

Кемертоғанда салынған 211 үй бұзылады дегенде халық бас көтеріп, ақырында 86 үй аман қалып, 125 үй бұзылады деп шешілген.

«Қалай түсінбейсіз? Жеріңіздің ақшасын аласыз. Ал құрылыс ақшасын ала алмайсыз», – дейді Қарасай ауданы Сәулет басқармасының бас маманы.

Тұрғындардың үрейін одан ары үдеткен әкімдік өкілі мәселе тек сот арқылы шешіледі дейді.

Ал үйлерінің құжаты жоқ, құжат рәсімдеу үшін жер телімінің мақсатын өзгертуі тиіс халық ауыл ішіндегі жол үшін жер беруге де даяр. Бірақ үйімізді бұзбаса екен дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз