Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Үйіне өзі кіргізді”. Кісі қолынан қаза тапқан Жанна Бердіғұлова жайлы мәлімдіме жасалды

«Қылмыс тұрмыстық қарым-қатынас кезінде болған», – деп хабарлады ақпарат агенттігіне дереккөз.

Оның мәліметінше, қанды қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған жігіт жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген, оны судья хабарландыру арқылы тапқан екен.

«Күдікті жиһаз жасаушы болып жұмыс істеген. Судья Алматыға кетерден бұрын оны хабарландыру арқылы шақырған. Күдікті сол күні марқұмның үйіне келеді, араларында жанжал шығып, оны тұншықтырып өлтірген», – дейді дереккөз.

Айта кетсек, Көкшетауда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өз үйінде өлтіріп кеткен еді. 46 жастағы судьяның денесі сейсенбі күні таңертең ваннадан табылған. Полиция қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы жігітті ұстады, ол кінәсін толық мойындаған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз