Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Үйіме бір ұрысатын адам керек”. Ақбота Керімбекова ағынан жарылды

Көруші де, естуші де – Алла. Өмір өзімдікі болғаннан кейін жаным нені қалайды, солай өмір сүремін. Бақытқа әр адам лайықты деп ойлаймын. Мен бәрібір өз дегенімді істейтін адаммын», – дейді әнші.

Алғашқыда сенімсіздік танытқан Ақбота құрбылары қолдау көрсеткеннен кейін еңсесін тіктегенін айтады.

«Қазіргі жолдасыммен дос болып, араласып, сөйлесіп жүрдік. Ұсыныс болғаннан кейін ойландым, әрине. Көп ойланасың ғой. Бір сәтте шешім қабылдау мен үшін оңай тиген жоқ. Бала-шағаны, үйдегі әке-шешеңді ойлайсың. Ел не дейді, жұрт не дейді деген сияқты сан пікірлер мазалаған жоқ емес. Әрине, мазалады. Бірақ жалғыздық Аллаға жарасқан дейді. Көп дос қыздарым керісінше мені құптады. Жалғыз жүргеннен қасыңда, үйде ұрысатын да бір адам керек қой. Ұрыстан Құдай сақтасын. Бірақ үйде ер азаматтың кіріп жүргені жақсы», – деп ағынан жарылды әнші.

Керімбекова тыңдармандарынан өзіне жақсы тілек айтуын, ал айта алмаған жағдайда сынға алмауды сұрайды.

«Өзім бұрыннан армандайтынмын, ата-ене көріп, келін болып, күшті ғой… Қайын әпкелерің, қайын ағаларың болып… Шүйіркелесіп, жинала қалып. Аллаға шүкір, сол арманым орындалды деп ойлаймын. Ал алдағы өмірім бір Аллаға ғана аян. Бірақ қолымыздан келгенше бақытты боламыз деп емес, бақытты қыламыз деп бел будық. Көп тілеуі көл дейді ғой. Сол себепті жақсы сөз айтпаса да, ештеңе демей ақ қойса екен деймін кейбір көрермендеріміз, кейбір сын-пікір айтушылар», – деп түйіндеді сөзін ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз