ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ның төртінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды Baq.kz.
23 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 18955 түлектің 17828-і (94,05%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 13 569, орыс тілінде –4860 адам. ҰБТ 60 өткізу пунктінде жүргізілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күнінде 13126 тыйым салынған зат алынды.
Орташа балл – 79,86.
Биыл ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. 92827 түлек ҰБТ тапсырады, оның ішінде: 69209 – қазақ тілінде және 23618 – орыс тілінде.