Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

ҰБТ-ның екінші күні ата-аналар балаларына телефон арқылы емін-еркін көмектесті

Бүгін қазақ Ұлттық аграрлық университетінің маңы құдды бір жайма базарға ұқсады. Өйткені, әр көлеңкеде бір топ ата-ана отыр. Кешегіндей мониторға телмірген ешқайсысы жоқ. Бастары басқамен қатуда. Бір қолдарында қалам мен қағаз, екіншісінде телефон. Бірі есеп шығарып әлек, енді бірі камераны көріп, өзімізге тап берді.

Бұл Алматы бойынша бесінші филиал. 718 талапкер сынақ тапсыруда. Мұнда да студент атанудан үміттілер тағы жарты сағатқа кешігіп шығып жатты. Ал, комиссия мүшелері сырттағы ата-аналары мен іштегі балалары еш байланыста бола алмады деп сендірді.

«Жеті баладан телефон тәркіленді. Ал, аудиторияда телефон қолданған бала қуылған жоқ» – №5 филиалдың жетекшісі Есебек Жанашұлы.

Комиссия мүшесі іште ұялы телефонның болғанын қанша жасырып бақса да, емтиханнан шыққан түлектер растап отыр.

“Алып алды, келесі жолы шығарып жібереміз”,- деді.

“Құрбымның аудиториясында ұсталғандар болды. Байланыс ұстап тұрды, бірақ хат жіберілмеді”, – дейді талапкерлер.

Ал, емтихан аяқталған соң оқушылар телефондарын іздеп, тіпті кейбірі жауап қағаздарын талап етіп жүрді.

«Қасымда отырған бала менің жауап парақшамды, өзінің жауабын белгілеп қойды 18 жауабын. Мен ауыстырып бер дегенде сол уақытта неге айтпайсыңдар деді. Мен ол кезде айтқам, бірақ екі сөйлеп тұр өзі» – дейді талапкер Әлішер Арыстай.

Ал, кеше басталған Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні республика бойынша 23 мыңға жуық тыйым салынған зат алынған. Үш бірдей талапкер аудиториядан шығарылып, ЖОО-на түсу құқығынан қағылыпты. Ал, бірінші күнгі орташа балл 75-тен асқан.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз