Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ҰБТ-2018: Алғашқы күннің қортындысы

287

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, 11 795 мектеп түлегі тестті ойдағыдай тапсырып шықты. Олардың жинаған орташа ұпайы 80,9-ды құрады. Өткен жылы аталған көрсеткіш 77,5 ұпай болған.

“Демек, биыл орташа ұпай 4 процентке көтеріліп отыр деуге болады. Алғашқы күні толық 140 ұпайды жинаған адам болған жоқ. Алайда бір түлек 137 ұпайды жинады. Алда әлі жеті күн бар. Сондықтан ең жоғары ұпай жинайтын мектеп түлектері болады деген сенім бар”, – деп атап көрсетті Р.Әлімқұлов.

Айта кетейік, кеше республика бойынша тест тапсыруға барлығы 14 250 адам өтініш білдірген болатын. Алайда тестке 13 897 адам келді. Осылайша, алғашқы күні мектеп түлектерінің 97 проценті ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз