Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ядролық қарудың қасіреті: Қазақстан мен Жапония бірлескен конференция өткізді

155

Конференция ядролық қарусыздандыру және оны әлемде таратпау процессінің дағдарысы, ядролық қарусыздандырудың жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда Қазақстан мен Жапонияның рөлі, ядролық қаруға толыққанды тыйым салудың және оны жоюдың басты негізі ретінде гуманитарлық салдарлар секілді мәселелерге арналған.

Іс-шараны аша отыра, құттықтау сөзімен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Гои Бейбітшілік қорының және «Бейбітшілік туралы ғибадат» қоғамының президенті Хироо Сайонджи және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев баяндама жасады.

Қанат Жұмабаевтың айтуынша,

«Қазақстан және Жапонияны ядролық қару зиянынан қасірет шеккен елдердің бір қайғылы тағдыры қосуда.

Сондықтан біздің елдер мен халықтарымыз әлем алдында бар дауыспен жақын арадағы ядролық қарусыздандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құрудан және сынаудан бас тарту талабын қоюға құқылы».

Конференцияға спикерлер ретінде Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, «АТОМ» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, атақты қоғам қайраткері Саясат Нұрбек қатысты.

Талқылау барысында, Олжас Сүлейменов келесіні атап өтті: «Біз (қазақстандықтар) бар экожүйелерді сақтау мен сауықтыруға, соның ішінде, ядролық сынақтардан қасірет шеккен тұрғындардың денсаулығын және аймақтар табиғатын қалпына келтіруге күш-жігерімізді салудамыз. Біздің лозунг: жаһандық ауқымда ойлау, тез әрекет ету. Таза ел – таза ғаламшар!».

Конференция залдың белсенді қатысуымен «сұрақ-жауап» секциясымен жалғасты. Тараптар сарапшылық қоғамдастықпен, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жөніндегі жастар бірлестіктерімен диалогты жалғастыру қажеттілігі пікірімен келісті.

Кездесу модераторы ретінде сөз сөйлеген Әлемдік экономика және саясат институты директоры Е.Салтыбаевтың айтуынша,

«Астанадағы конференцияның ерекше маңызы бар, себебі әлем ядролық қаруландырудың жаңа жаһандық жарысы алдында тұр.

Осы жағдайларда, әсіресе ядролық қарусыздандыру саласындағы моральдық көшбасшы ретінде Қазақстан Жапониямен және басқа елдермен бірлесіп, ядролық қарудан және оның сынақтарынан жаппай бас тарту мәселелерін алға жылжытуға дайын».

Іс-шараның қорытындысында, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының және Гои бейбітшілік қорының басшылары әлемдік қоғамдастыққа ядросыз әлем мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерді жандандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құруда және сынауда жаппай тыйым салудың пайдасына негізгі дәлел ретіндегі ядролық қаруды қолдану мен сынаудың гуманитарлық салдарлары туралы ақпаратты кеңінен ілгерілету қажеттілігі туралы бірлескен өтінішті үндеді.

Айта кетсек,

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылған. Оның қызметі Қазақстанда әлемдік экономика, геосаясат, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық процесстерді ғылыми зерттеумен, сондай-ақ Қазақстан Тұңғыш Президентінің қызметін және саяси мұрасын, оның тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанды құруда және нығайтуда үлесін зерттеуге байланысты.
  • ӘЭСИ өз қызметінде қоғамдық пікірталастың белсенді қатысуымен және талдау мен болжамдау саласында мемлекетті сарапшылық сүйемелдеудің жүйелік кірістірілуімен зерттеудің тәуелсіз сипаттамасын байланыстырады.

Фото: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз