18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-3
USD
379.19
-0.17
EUR
426.63
-2.31
RUB
5.92
-0.01

WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқу амалы табылды

Сақтық үшін көшірме жасау функциясының негізінде пайдаланушылар әңгімелесушілер жойған хабарларды оқу жолын ойлап тапты.

Хат жазысу кезінде жойылған хабарламаларды оқу үшін құрылғыдан WhatsApp қосымшасын өшіріп, кейін қайтадан орнату қажет, деп жазады Lenta.ru. Бұл жағдайда чаттың бүкіл мұрағаты көшірмеден қайта қалпына келтіріледі де, қосымша оны жойылған хабарлама ретінде белгілемейді.

Бұл әдіс көшірме жаңартылмаған жағдайда (әдетте, бұл түнгі уақытта тәулігіне бір рет автоматты түрде жүреді) және құрылғы қайта жүктелмеген жағдайда жұмыс істейді. Бұл барлық құрылғыларға қолданылады.

WhatsApp пайдаланушыларға жібергеннен кейін бір сағат ішінде хабарларды жоюға мүмкіндік береді.