Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Все равно…”. Ана тілін кейіннен үйренген қазақ орыстілді қазақтардың сырын айта салды

288

– 90-жылдардың басында орыс пен қазақ тілінің қолданысы 50/50 процент болу керек деген заң қолданысқа енді. Бірақ ол кезде қазақ тілін ресми деңгейге біртіндеп шығару үшін, оны қорғау үшін осылай жасалды. Трамплин сияқты ғой. Бірақ содан соң тынышталып қалды.

Биыл мектепке барған оқушылардың басым бөлігі қазақ мектебіне барды, 90 проценті десем артық айтпаған болар едім, мысалы. Бірақ сол заң әлі өзгерген жоқ. Бұл нені білдіреді? Әрине, қазақтардың саны артып келе жатқанын байқатады. Қазақтар халықтың 72 процентін құрайды. Демек, заңды өзгерту керек. Қазіргі қоғамның сұранысына ол сай келмейді.

Мысалы, қазір орыс мектептерінде 1 миллионнан аса қазақ балалары оқып жатыр. Қалада қазақ мектебінде оқитындар сыртта бәрібір орысша сөйлейді. Неге?

Өйткені мемлекет қазақ тілінде ақпаратты жеткілікті деңгейде бермейді. Киноға барса орысша, қызмет көрсету орындарына барса орысша дегендей. Қазақша кино шықса, оны түнде ғана көрсетеді. Жылына бір ғана қазақша мультфильм жасайды. Қанша қазақша сөйлейтін адамның құқығы тапталып жатыр? Одан соң, әрине орысша қолайлы бәріне.

Бірақ енді нақты іс-қимылға көшетін уақыт келді. Өйткені дүние тез-тез дамып жатыр. Сондықтан аталған олқылықтардың орнын билік жоюы керек. Бетбұрыс қажет. Негізі, 5-10 жылдан кейін бәріміз қазақша сөйлеп кетеміз деп ойлаймын. Тіпті, бір-екі айдың ішінде-ақ бәрі қазақша сөйлеп кетеді десе, мен оған сенемін. Ал қазір соның заңдық жағын дайындап, осының бәрін бір пысықтап алатын уақыт келіп тұр, – дейді ол.

Ұлттық трендпен қазақтар айналысуы керек

Сөйткен Қуат Домбай мектепте орысша оқығанын, университетті орысша бітіргенін айтты. Тек 30 жастан асқанда мемлекеттік тілді үйренбесе болмайтынын жақсы ұғынған. Кез келген мемлекеттің дамуында ұлттық тренд локомотив болуы керек деп түйген ол мұны ең алдымен өзінен бастауды жөн көріпті.

https://kaz.365info.kz/ojbaj-mynau-aza-sha-oj-orystildiler-n-randy-deji-zhattamaj-zh-r-me-211132

– Қазақстан туралы сөз еткенде қазақ қандай деген сұрақ туады. Бұл заңды да. Шетелдіктер келгенде осы елдің, тұрғылықты халықтың салт-дәстүрімен танысуға келеді. Ал ұлттық менталитетті тек өзіміз жақсы білеміз.

Мысалы, қазір күніне 500-600 үнді ұшып келеді бізге. Не үшін келеді олар? Қымыз ішуге, ет жеуге, Шымбұлаққа шығып кәуап жеуге келеді.

Бұл арада мәселе біз елімізді қалай танытамыз? Біздің ерекшелігімізді білмейтін жан қалай ұлттық трендпен айналысады? Ұлттық дәстүр мен басқа қырларымызды насихаттап, оны өзіміз жаңғыртпасақ, оған ешкім бас ауыртқысы жоқ. Оларға тізгінді бермеу керек. Ал оны жұлып алу үшін өзіміз мықты болуымыз керек.

Ұлттық болмыс, ұлттық дәстүр, ұлттық құндылық тұрғысынан, әрине. Иә, кезінде жоғалтып алдық, бірақ оны қайта жаңғыртып, қауышам десек, ешкім қой деп жатқан жоқ қой бізге.

Тіпті, рухани жаңғыру деген арнайы бағдарламаны да енгізіп қойды. Біреулер оны күлкі көретін шығар. Бірақ бұл ұлттық болмысынан ажыраған қазақтар – біз үшін жасалып жатыр, біле білген адамға.

Қазақстан – кең дала, халқы – кең пейіл, ет, қымыз, таза ауа. Туристер осы үшін келеді Қазақстанға.

Қазақстанда кәрістер көп жұмыс істейді ғой. Солар, содан соң жапондар да айтады: „Осында келгенде біз сапарды ең бірінші пойызбен бастаймыз. Өйткені ұшан-теңіз жазық даланы көргенде көзіміз бақырайып, тынысымыз ашылады„ дейді. Олар Жер шарында осындай кең байтақ жер барына сене алмайды екен. Қысылып-қымтырылып өскен шетелдіктер ана байтақ жерді көріп, оған аяқ басқанда тынысы ашылып, қатты рақаттанатын көрінеді.

Одан соң, қазақ жалқау дегенді қою керек. Бұл — таза өтірік.

Қазақ еңбекқор халық. Қазір салыстырмалы түрде алып қарасаңыз ең ауыр, көп жұмысты Қазақстанда қазақтар істейді. Ерекшелігі де сол мінезі мен мәдениетінде. Кісі қабағына қарап, біз көп жүкті көтере береміз. Кісі қабағына қарау да ұлттық мәдениет, негізі…

https://kaz.365info.kz/sakh-bolyndar-ger-aganyn-ne-degenin-bilesiz-be-245627

500 теңгеге қатысты дау қазаққа тиімсіз

Қуат Домбай мырза 500 теңгені не үшін жаңалауға тура келгенін, оның арты дауға ұласуының астарында не жатқанын да айтты.

– 500 теңге жиі қолданылатын банкнот, сондықтан ол тез ескіреді. Сол үшін оны жаңалау керек болды. Бұл — бір.

Екіншіден, біздің ақша шығару зауытының кәсіби деңгейі өте жоғары. Оған басқа елдерден келіп түсіп жататын тапсырыстар дәлел. Ақшасын төлеп, бізден ақша шығарып әкетіп жатқан елдер баршылық. Әрине, бұл құпия ақпарат. Бірақ анығы осы. Тапсырыс берушілер ішінде Еуропа елдері де бар көрінеді. Сондықтан мұны табысты өндіріс деп айтуға болады.

500 теңгенің маңайындағы дау, ең бірінші кезекте, осы кәсіпорынның абыройына нұқсан келтіреді. Жалпы, бір шетелдік бірдеме десе, „Ұят болды„ деп біздің дүр ете түсетін жаман әдетіміз бар. Өзімізге емес, өзгелерге көбірек сенеміз. Өзіміздің ұят емес, өзгелердің ұяты көбірек бізді мазалап кетеді.

Сол теңгеде сурет менікі деген шетелдік автор келсін алдымызға, суретін алып. Ешкім келген жоқ қой. Одан соң сот бар бізде. Швейцария фотографы сот арқылы жеңсе, міне сол кезде ду етуге болады. Авторлық құқықтық айыппұл, негізі қымбат. Оны кім төлейді? Әрине, ел қазынасынан шығын шығады. Ол біз бен сіздің ақша ғой. Негізінен, біз осыған бас ауыртуымыз керек. Айдаладағы бір швейцар фотографының құқығы бұзыла қалды деп шала-бүлінгеннен пайда жоқ. Осыны ұғыну керек бұл арада.

Үшіншіден, біз авторлық құқықтық халықаралық конвенцияға мүшеміз. Сол конвенция бойынша, автордың нақты және қосымша құқықтары болады. Егер түпнұсқаны алып, оған өзінше өзгеріс кіргізіп жасап шықсаңыз бұл қосымша құқыққа кіріп кетеді. Міне, осы арқылы бұл арада 500 теңгенің құқығын қорғап шығуға болады.

https://kaz.365info.kz/shalakhazakhtar-birigejik-astanada-tyngysh-ret-shalakhazakhtardyn-otyrysy-otti-252324

Шағала бір Швейцарияда ғана бар ма, оны суретке түсірген тек бір фотограф па екен дүниежүзінде? Бұл өте даулы әрі дәлелі қиын мәселе.

Бұл арада фотоға қарап, шағаланың суреті салынған. Демек, бұл фотографтың емес, суретшінің құқығы боп кетеді. Енді ол жағын сот шешеді, біз кәсіби маман емеспіз ғой. Дегенмен елге бұл арада босқа дүрлігудің қажеті жоқ екенін, оның тек өзімізге зияны барын айта кеткім келеді, – дейді ол.

Коммерциялық банктер неден қорқып отыр?..

Сондай-ақ банк саласында қызмет атқарған блогер коммерциялық банктерге көмек ақшаның көп беріле беруінің құпиясын ашты.

– Соңғы 10 жылдың ішінде екінші деңгейдегі банктер Үкіметтен бірнеше рет көмекке орасан ақша алды. Қайтарғанын қайтарды, қайтармағанын қайтармады, өз білгендерін қылды, бір сөзбен айтқанда. Енді Ұлттық банк бұған қатысты талапты күшейтіп жатыр. Сөйтсе коммерциялық банктер шыр ете түсті. Ұлттық банкке кінә артып, шығып жатыр. Біз экономикаға керекпіз, бірақ бізді дұрыстап қаржыландырмайсыздар дейді. Рас, банксіз ешқандай экономика болмайды. Содан соң Ұлттық банк оларды қолдайды. Алайда банктер енді Үкіметтен алған ақшаны несие және басқалай түрде „аффилированный„, офшор компаниялар арқылы тамыр-танысын қажыландыра алмайды. Осыған дейін солай боп келген. Мұны көрді, білді, Ұлттық банк енді оның жолын жауып жатыр. Қалай дейсіз ғой?..

Ең төмен процентпен жүргізілген кез келген трансакциялар бірден күдікке ілінеді.

Егер ол арада қандай да бір алаяқтық сезілсе, Ұлттық банк оны бірден тексеруге құқық алады. Ал дәлелденсе ол банк лицензиясынан айырылады. Міне, „Ұлттық банк бағалауды күшейтті„ деп бебеулеп жатқан банктердің негізінен қорқып отырған нәрсесі осы.

Бұрынғыдай қарпып жей беремін деген енді жоқ.

Оның үстіне дәлелдің бұл арада қажеті жоқ, тек күдік болса болды, тексере береді. Ұлттық банк осындай айырықша құқық алып алды. Банктер осыдан шошып отыр. Осындай өзгерісті қамтитын заң жаңа жылдан соң өз күшіне енеді.

https://kaz.365info.kz/shalakhazakhtar-birigejik-astanada-tyngysh-ret-shalakhazakhtardyn-otyrysy-otti-252324

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз