Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Владимир Кимнің байлығы Трамппен теңесті, Құлыбаевтар отбасы да қалысар емес

122

https://kaz.365info.kz/aga-komektesiniz-agylshyndar-mashkevichtin-maskharasyn-shygardy-316289

LSE Халық банктің 2018 жылғы ақпандағы капиталдандыруын $4 млрд-қа (£2,9 млрд) бағалаған еді. Бұл институттың активтері сатылуынан бұрын мемлекеттен сауықтандыруға 2,4 трлн теңге алған Казкоммерцбанкті сатып алу есебінен артып отыр.

америкалық Forbes-тың рейтингісі бойынша ерлі-зайыпты Құлыбаевтар 973­ орыннан 729 орынға көтерілген.

Бұл орынға барлығы 37 миллиардер жайғасыпты, олардың арасында Prada-ның иесі Миучча Прада, ebay-дың экс-директоры және Hewlett Packard Enterprise Мэг-дың басшысы Уитмен бар.

Ким Трампты қуып жетті

Бір жыл ішінде Владимир Кимнің дәулеті $1 млрд-қа артыпты. Ол негізінен KAZ Minerals котировкаларының өсуі және «Қазақмыс» табысының артуы есебінен орын алған.

Бұл оған қазақстандық байекештердің тізімінде 2-орынға шығуға мүмкіндік берді.

Енді Ким АҚШ президенті Дональд Трамппен және Twitter-ді жасаған Джек Дорсимен иық тірестіріп, бір орынға шықты.

Құлыбаевтер алғаш рет жаһандық рейтинг шеңберінде 2007 жылы пайда болған қазақстандық Forbes тізімін бастады.

Соңғы 4 жылда аталмыш тізімдегі бірінші орын Болат Өтемұратовтың еншісінде болған еді.

Жалпы, біздің миллиардерлер байлығының қосындысы бір жылдың ішінде $10,5-тен $14,4 млрд-қа дейін артқан.

Тимур Құлыбаев

Рейтингтегі орны (Қазақстан/әлем): 1/729

Дәулеті: (2018/2017 ): $3,2 млрд ($2,1 млрд)

Жас шамасы: 51 жаста

Байлық көзі: түрлі ірі бизнес

Өткен жылғы маусымда Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі ««Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы Aquila Gold B.V. арқылы 17,4 млрд теңгеге Владимир Жұманбаевқа (акциялардың 32,5% акций) және Gouden Reserves B.V. (67,5%) сатылған-ды.

Қаржылық есептерге сәйкес, алтын өндіретін кәсіпорын қызметі 2013 жылдан 2016 жылға дейін табыс әкелген жоқ.

2017 жылғы желтоқсанда «Алтыналмас» 2014 жылы Халық банкпен жасалған несиелік келісім шеңберінде несиенің шекті мөлшерін $8,693 млн арттырып, $72,293 млн-ға дейін жеткізді.

2018 жылғы наурызда 73,56% ерлі-зайыптылардың иелігіндегі Халық банк «АЛМЭКС» холдингтік тобы арқылы Ксазкоммерцбанкті қосу жөніндегі заңды процессті бастады.

https://kaz.365info.kz/khazkommertsbankti-halykh-bankine-2-tengege-satpakh-267097

Динар Құлыбаева

Рейтингтегі орны (Қазақстан/әлем): 1/729

Дәулеті: (2018/2017 ): $3,2 млрд ($2,1 млрд)

Жас шамасы: 50 жаста

Байлық көзі: түрлі ірі бизнес

2018 жылғы III тоқсанда «Ильинская больница» көпфункционалды амбулаториялық-госпитальдық орталық жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Жоба «Кипроис» ЖШС арқылы Құлыбаевтармен үлестес «Эмдеу Медикал» қоғамдық орталығы арқылы қаржыландырылуда.

Ерлі-зайыптылардың Қазақстандағы медициналық бизнесі «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы медицина қызметтері алқасының және фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің төрағасы Жанболат Сәрсеновтың жұбайы Айман Сәрсеновамен ынтымақтастықта

«Мейірім» медициналық орталықтар жүйесінде шоғырланған.

Владимир Ким

Рейтингтегі орны: (Қазақстан/әлем): 2/766

Дәулеті: (2018/2017): $3,1 млрд ($2,1 млрд)

Жас мөлшері: 57 жаста

Байлық көзі: металлдар

2017 жылғы қарашада Владимир Ким «КСС Финанс» ЖШС арқылы уақытша RBK Bank жалғыз қатысушы мәртебесіне ие болды. Бизнесменнің мәлімдемесі бойынша,

Банк сауықтырылғаннанкейін «Қазақмыс» корпорациясы обанктың келесі жалғыз акционері болмақ.

Банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде RBK Bank-і Ұлттық банктен 243,7 млрд теңге борышкерлік несие алып, 600 млрд теңгеден кем болмайтын сомадағы проблемалық активтерді «Қазақмыстың» 600 млрд тенге арнайы құрылған құрылымы –«DSFK (ДСФК) Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-на берілді.

https://kaz.365info.kz/vladimir-kim-angliyanyn-en-baj-adamdar-khataryna-kirdi-314908

Сауықтыру бағдарламасы басталғаннан бері банк акционері 160 млрд теңгені қосымша капиталдандырды. 2018 жылғы наурызда басқарманың жаңа төрайымы болып, бұрын Altyn Bank басқармасының төрайымы болған Наталья Акентьева тағайындалды.

Болат Өтемұратов

Рейтингтегі орны: (Қазақстан/әлем): 3/924

Дәулеті: (2018/2017): $2,6 млрд ($2,3 млрд)

Жас мөлшері: 60 жаста

Байлық көзі: түрлі ірі бизнес

2017 жылғы ақпанда Өтемұратов «Верный Капитал» басқарушы компаниясы арқылы иеленген Talan Towers көпфункционалдық кешеніндегі сауда галереясын сатты. Галереяны Тимур Құлыбаевтың «Кипрос» ЖШС-і мен ADD Capital инвестициялық компаниясы сатып алды.

Жаңа галерея 2019 жылы ашылмақ, оның негізгі жалдаушысы даңғаза заттарды сататын Viled Group компаниясы болмақ. Talan Towers 2017 жылы ашылған болатын, жобаға $430 млн инвестиция құйылған.

https://kaz.365info.kz/kimet-aza-standy-ytaj-a-sauyn-siyr-etip-bermekshi-sarapshy-223550

2018 жылғы наурызда Болат Өтемұратовтың қоры «АРДИ» Мүгедек балалардың атта-аналары ассоциациясына $1 млн бөлді

Бұл қаржы кемтар балаларды мүгедектің алғашқы кезеңінде үздіксіз оңалту орталығын және қажетті мамандарды дайындау жөніндегі арнайы орталықты құруға бағытталды.

Алиджан Ибрагимов

Рейтингтегі орны: (Қазақстан/әлем): 4/1070

Дәулеті: (2018/2017): $2,3 млрд ($1,9 млрд)

Жас мөлшері: 64 жаста

Байлық көзі: металлдар

2017 жылғы маусымда және 2018 наурызда ERG кезекті рет 2020 жылға дейін топтың негізгі несиегері болып табылатын Сбербанкпен және ВТБ банкпен несиелік келісімді ұзартты.

https://kaz.365info.kz/khazakhstandykh-milliarder-fattoh-shodiev-ozbek-prezidentinin-zhanynan-shykhpajdy-eken-279736

Reuters дереккөздерінің пікірі бойынша,

қазір компания қаржы тартуға және активтердің бір бөлігін биржаға шығаруға мұқтаж.

ERG-ның ВТБ мен Сбербанк алдындағы қарызы 2016 жылғы шілдеде $5,8 млрд-ты құраған. Алиджан Ибрагимов, Александр Машкевич и Патох Шодиев бірлесіп иеленетін Еуразиялық банк 2017 жылғы қазанда 15 жылға 4 пайыздық жылдық үстемемен 150 млрд теңге көлеміндегі борышқорлық акцияларды KASE-де орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізді

Сауда-саттық банк секторын тұрақтылығын көтеру бағдарламасы шеңберінде өтті. Облигацияларды Ұлттық банктің еншілес ұйымы – Қазақстандық тұрақтылық қоры сатып алды. Банк өз кезегінде түскен қаржыға 15 жылға 8 пайыздық үстемемен Ұлттық банктің ноталарын сатып алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз