“Мисс Қырғызстан – 2017” байқауының жеңімпазы қырғызстандық сәнбике Бегімай Қарыбекова Қытайда өтіп жатқан әлемдік байқауға бара алмады. Оған елшілікте виза бермей қойған екен.
Бұл туралы kabar.kg басылымы жазды.
“Біз елшіліктің жауабын күтіп отырған кезде байқау басталып кетті. Менімен бірге уайымдап, қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Вице-премьер министр Шолпан Сұлтанбекова мен БАҚ-қа да айтар алғысым шексіз”, – деп жазады Қарыбекова өзінің Instagram парақшасында.
Қарыбекова көптеген халықаралық сұлулық байқауларына қатысқан. Ол “Miss Tourism Eurasia” байқауында гран-приді жеңіп алған болатын. “Top Model Of The World 2016” және “Miss Intercontinental 2016” байқауларында қырғыз елінің намысын қорғаған еді.