Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Виктор Цойдың төлқұжаты 49,5 млн теңгеге сатылды

Лоттың бастапқы құны 2,5 млн рубльден (13,75 млн теңге) кем дегенде үш есе өсті.

Советтік музыканттың қойын дәптері 3 млн рубльге (16,5 млн теңге), “Хочу перемен!” әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге (19,8 млн теңге) сатылды.

“Литфонд” аукцион үйінің өкілі хабарлағандай, әншінің төлқұжаты 9 млн рубльге сатылды. Цойға құжат 8 айға кешіктіріліп 16 жасында берілген, онда оның Марианна Родованскаямен шаңырақ көтергені туралы Ленинград қаласының Мәскеу аудандық АХАЖ бөлімінің ақпараты тіркелген.

“Литфондтың” бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, аукцион өкілінің мамандары ІІМ-ге сұрау жолдатып, төлқұжаттың жалған емес екенін анықтайтын сараптамадан өткізіп, дәлелдеген.

Ал, Цойдың төлқұжатында ленинградтық, мәскеулік рок-музыкантардың, оның ішінде Борис Гребенщиковтың, Майк Науменконың, Артемий Троицкийдің және өзгелердің телефондары жазылған. Виктор Цой – советтік орындаушы, “Кино” тобының (1982-1990) негізін қалаушы. “Звезда по имени Солнце”, “Хочу перемен!”, “Группа крови”, “Дальше действовать будем мы” әндерінің және т.б. авторы.

1962 жылы Ленинградта туылған, ал 1990 жылы жол апатынан қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Богословск зиратында жерленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз