Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Вена қонақүйінде тыр жалаңаш шешініп, шу шығарған қазақстандық ұсталды

«Жергілікті басылымдарда жарияланған мақалалардан оның мас күйде қонақүй бөлмесіне кіріп, ұрлық жасап, кейін ұсталғаннан кейін заттарды қайтарып бергені анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде», — деді СІМ өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Андрей Гришин Facebook желісінде Венадағы қонақүй нөміріне мас ер адамның кіріп кетіп, ұрлық жасағанын хабарлаған еді. Қонақүй әкімшілігіне шағым жасалғаннан кейін «түнгі қонақ» ұсталған. «Сөйтсек, қонақүйде дәрігерлердің конференциясы өтіп жатыр екен. Олардың бірі (отандасымыз) кешкі асты жақсылап ішіп алып, құтыра бастады. Оның әріптестері нөміріне апарып, қамап тастады. Бірақ ол терезеден шығып кетті», — деп жазды Гришин. Айтуынша, шу шығарған ер адам елден шығарылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз