Ахи Эвран Университетінің оқытушысы және Vatan газетінің жазушысы, доцент, доктор Күршад Зорлу «Мақсаттарымен дамып келе жатқан көшбасшы портфолиосы: Нұрсұлтан Назарбаев» атты конференция өткізді.
Шара Тұран мәдени орталығындағы Сүлеймание кафедрасында өтті, – деп хабарлады Хабар-24.
«Бір лидерде болуы тиіс қасиеттерді бойына жинаған және сол мақсаттарымен өсіп дамыған Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз ел болғанынан бастап жасаған халықтық және халықаралық бағдарламалары осының дәлелі», – деген түрік жазушысы Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуі, EXPO 2017 шарасын сәтті өткізуін баршаға үлгі етті.
Сондай-ақ Күршад Зорлу Нұрсұлтан Назарбаевтың түрік әлеміндегі түрлі шараларды қолдап қолпаштаған бірден-бір тұлға екенін атап өтті.
Сонымен қатар Ресей-Түркия арақатынасы мен Карабақ мәселесін шешуде және түркітілдес елдер арасындағы байланысты нығайтуда Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған ерен еңбегін де тілге тиек етті. Аталған конференция жайлы мақала Vatan газетінде жарияланды.