Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-1
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

Василий Левит пен Евгений Тищенко кездесуінің нәтижелері қайта қаралады

«Біз AIBA басшылығына қарасты тергеу басталғандығын растаймыз. Атқарушы комитет сонымен қатар ХОК шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыстардан тыс мәселелер бойынша да байланыстарды тоқтатты».

Сондай-ақ ХОК AIBA-ға төленетін төлемдердің барлығын қысқарты. ХОК-тың атқарушы комитеті ұйым туралы есепті 2018 жылдың 30 сәуірінде жасалады деп күтіп отыр.

Бах баспасөз мәслихатында Олимпиада ойындарындағы төрешіліктің алаңдатып отырғандығын айтты.

Оның сөзінше, ХОК Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткен Олимпиада кезінде ресейлік боксшылардың қатысуымен өткен екі кездесудің нәтижелерін зерделеуді жалғастыруда.

Біріншісінде, Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті (91 келіге дейін салмақ) жеңді.

Екіншісінде, Владимир Никитин ширек финалда ирландиялық Майкл Конланды (56 келіге дейінгі салмақта) ұтып кетті.

«Кезінде біз аталған кездесулерге қатысты AIBA-дан есеп алғанбыз. Соған қарамастан, біз қосымша ақпараттарды да сұрастырып, бұл істі зерделеумен әлі де айналысудамыз», деп хабарлады ХОК басшысы.

AIBA-ны ұзақ уақыт бойы басқарған Чинг-Куо Ву ұйымдағы қаржылық жағдайдың нашарлап бара жатқандығы туралы айыптаулардан соң өткен жылдың соңында отставкаға шықты. Оның орнын қауымдастықтың жарлығы бойынша, ұйымның вице-президенті Франко Фальчинелли басты. Ол аз уақыттан соң бұл лауазымнан бас тартты. Осыған байланысты Чинг-Куо Вудың міндетін атқарушы қызметіне Гафур Рахимов кірісті. Ұйым басшылығындағы ауыс-түйістерден соң ХОК ондағы жағдайға байланысты және Рахимовтың басшылыққа келуіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

  • AIBA президентінің сайлауы Мәскеуде қарашада өтеді.

inform.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз