Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Валюталық бақылауды Үкімет өзіне алуы керек – Мәжіліс депутаты

Мұнымен қоса, ол валюталық бақылауға қатысты тиісті ұсыныс жасады.

«Екінші күрделі мәселе – ол біздің валюталық бақылау. Елбасымыз әр елден инвестор тартып, экономикамызға инвестиция салсын деп жүргенде, біз бар қаржымыз бен валютамызды шашып отырсақ, онда елге күлкі болғаннан басқа не қалады. Қазір Ұлттық банктің соңғы есебіне қарағанда, 5 миллиард долларға жуық біздің дебиторлық қарыз тұр. Сыртқа кеткен валюта. Соның жартысына жуығы мерзімінен асып кеткен дебиторлық қарыз. Міне, осы жерде үлкен күмән туғызатын мәселелер жатыр. Кім бұны тексереді? Бүгінгі таңда валюталық бақылауды Ұлттық банктің өзіне беріп қойдық. Ұлттық банк осы валюталық операцияның операторы. Ол осы жұмыстардың барлығын реттеп отыратын орган. Ал енді соны бақылауды да соған бердік. Бұрын Үкімет бұл қызметті өзі атқаратын. Қазір Үкімет осыдан неге кетіп қалғаны мен үшін үлкен сұрақ. Менің ойымша, осы мәселені шешетін кез келген сияқты. Үкімет өзіне валюталық бақылауды алу керек. Атап айтқанда, бұл ұсынысты қолға алса, біз осы мәселеде ашықтықты және нақтылықты көрген болар едік»,- деді депутат.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз