Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Валюта нарығы экономикамен қатар қадамалмайды

фото: kapital.kz

Ресми деректер бойынша, ағымдағы жылдың 7 айында ЖІӨ өсімі 2,7%-ға дейін артты. Бірінші жартыжылдықта сыртқы сауда айналымы 4%-ға, оның ішінде экспорт – 2,7%-ға, импорт – 5,9%-ға ұлғайды. Сондықтан шетел валютасына, атап айтқанда, Қазақстан қор биржасының (KASE) спот-нарығында сұраныстың болуы және оның өсуі орынды болды.

Шын мәнінде, басты валюта, АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі маусыммен салыстырғанда 2,1%-ға – $3 млрд 160,9 млн-ға дейін төмендеді. Абсолюттік мәнде – $67,9 млн-ға азайды. Бұл көлемі бойынша ағымдағы жылдың екінші орындағы айлық нәтижесі. Сонымен қатар, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда бір жарым есе көп.

Еуроға сұраныс едәуір дәрежеде төмендеді – 2,6 есе (2,2 млн еуроға дейін), бұл биылғы жылдың айлық минимумы. Шілде айының қорытындысы бойынша көрсеткіші өскен Ресей және Қытай валюталары болды. Рубль бойынша сауда-саттық көлемі 47,3%-ға, юань бойынша 6,3%-ға өсті.

Дегенмен, теңгелік жиынтық эквивалентте KASE спот-нарығындағы мәмілелердің шілде айындағы көлемі 2%-ға – 1 трлн 379,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Своп нарығы: күрт өсу

Спот-нарықтан айырмашылығы, валюталық айырбас операцияларының көлемі шілде айында күрт өсті. Маусыммен салыстырғанда шамамен 1,6 есе — $2 млрд 20,8 млн. дейін, абсолюттік мәнде – $741,1 млн.

Биржаның осы секторы үшін негізгі валюта – американдық доллар. Ағымдағы жылы бұл көлемі бойынша төртінші орындағы айлық нәтиже болғанымен, ол өткен жылғы шілдедегі айналымнан 30,8%-ға артық.

Тұтастай алғанда, ағымдағы жылдың жеті айында мәмілелердің жиынтық көлемі теңгелік баламада 861,6 млрд-ты құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің нәтижесінен 13,6%-ға аз.

Мұнда ең белсенді қатысушылар құрамында өзгерістер болды. Шілдеде Bank RBK-ны осы топтан ығыстырған “Банк Фридом Финанс Қазақстан” жетекші үштіктің құрамына жаңадан енді. Белсенділерді бұрынғысынша “Қазақстан Халық Банкі” бастап тұр. Үшіншісі – Forte Bank.

Бірақ жеті айдың қорытындысы бойынша көшбасшы топтың құрамы өзгерген жоқ – оған “Қазақстан Халық банкі”, ForteBank және Bank RBK кіреді. Естеріңізге сала кетейік, валюталық айырбас операциялары арқылы осы биржалық нарықтағы банктер бір-біріне шетел валютасын кепілге қою арқылы теңгемен береді.

Таң қалдырарлығы, бұл ретте

реттеуші банк секторындағы артық өтімділіктің елеулі көлемі туралы хабарлады

Өткен жылы шілде айында жетекші трионың құрамын “Қазақстан Халық банкімен” қатар Tengri Bank және Capital Bank Kazakhstan толықтырған болатын. Алайда соңғы екеуі кейіннен лицензияларынан айырылды. Ал жеті айдың қорытындысы бойынша “Халық банкінен” кейінгі орында мемлекетаралық “Еуразиялық Даму Банкі” мен еншілес “Ситибанк Қазақстан” тұрды.

Ағымдағы жылы нарықтың соңғы екі қатысушысы валюталық айырбастың белсенді операцияларына деген қызығушылықтарын қандай себеппен жоғалтқанын биржа қызметкерлері хабарлаған жоқ.

KASE-дегі АҚШ долларымен сауда-саттық көлемі, млн USD

Ескерту: * —  KASE мәліметтері  негізінде есептелді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз