Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
19
USD
425
-0.23
EUR
500
-0.99
RUB
5.75
+0.02

Вакцинацияланбаған адамдарға тойға баруға тыйым салу керек – сонда бүкіл Қазақстан халқы бірден екпе салдырады

224

Адамдарды вакцинацияға ынталандыру ғана емес, сонымен қатар мәжбүрлеу де керек, – дейді Дмитрий Шишкин, PR маманы және журналист. Халықаралық тәжірибе де дәл осыны көрсетті. “Қаталдық және жеңілдік” саясатын шебер үйлестіретін елдерде көрсеткіштер жоғары болып тұр.

Бұл ретте Қазақстанның өзіндік ерекшелігі де бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлық үлкен қауіп төндіреді.

Бұл туралы ол біздің порталға берген сұхбатында айтты.

Егер вакцинация төлқұжаттары сатылатын болса, бізді ешқандай Аshyq қорғай алмайды

— Дмитрий, жақында ЖОО вакцинацияланған студенттерге жеңілдіктер береміз деп уәде етті. Қалай ойлайсыз, адамдарды вакцинациялауға тағы не қызықтыра алады?

— Қазір мемлекет те, ірі бизнес те бағалы сыйлықтары бар түрлі конкурстармен жаппай вакцинациялауды ынталандыруға тырысуда. Бірақ

халықаралық тәжірибе вакцинациялауға мәжбүрлеу элементтері болмайынша,

екпе салдыратын адамдар санының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізе алмайтынын көрсетеді.

Шын мәнінде, халықтың вакцинация деңгейі жоғары елдердің көпшілігінде адамдардың алдына: өз денсаулығың мен басқалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарай бер, ешкім сені вакцина салуға мәжбүрлемейді деп таңдау қойылған. Бірақ егер сен медициналық көрсетілімдерсіз вакцинациядан бас тартсаң, онда сен басқа адамдармен араласатын жұмыста істей алмайсың. Мысалы,

Мәскеуде мұндай шешім жарияланғаннан кейін келесі күні вакцинация пункттеріне екпе салуға жазылғандар саны он есе өсті.

— Мұндай нәтижеге тыйым салусыз және жалпы зорлық-зомбылықсыз қол жеткізуге бола ма?

— Кейбір елдерде екпе салғандарды қосымша ынталандырып жатыр. Бұған ұтыс ойындары да, қосымша демалыс күндері, адамдар көп жиналатын орындарға бару мүмкіндігі секілді материалдық емес мотивация да кіреді.

Соңғысы Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені біздің той – әлеуметтік қарым-қатынастың маңызды элементі, мәдениеттің бір бөлігі. Әзіл-қалжыңсыз айтар болсақ – тек

COVID-19 вакцинацияланған адамдарға тойға баруға рұқсат берсе, бұл вакцинацияны едәуір арттыруы мүмкін

Алайда, қазір бұл өте жұқпалы “Дельта” штаммының елге енуіне байланысты мүмкін емес болып отыр, себебі ол антиденелері бар бұрын ауырғандар мен вакцинацияланғандар арасында да таралып жатыр.

— Дәрігерлер вакцинацияланған адамдар “Дельта” жұқтырса да, ауру жеңіл өтеді деп мәлімдеуде.

— Оған қоса, бізде тағы бір мәселе – сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Вакцинация төлқұжаттары жарнамалық сайттар арқылы ашық түрде сатылуда. Қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретін құжаттарды қолдан жасау фактілеріне мемлекет ашық әрі ауқымды түрде шара қолданбаса,

вакциналау паспорттарын сатып алған ауру жұқтырғандардан “Ашық” қоғамдық орындарды қорғамаса, біз үлкен мәселеге тап болуымыз мүмкін.

“Қаталдық және жеңілдік” саясаты бір уақытта әрекет еткенде ғана вакцинацияға ынталандыру да ретке келеді.

Арнайы нұсқауларды күтудің қажеті жоқ

— Сондай-ақ, біздің денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі өзгерістерге кеш ілеседі. Мәселен, жақында ғана бас дәрігер вакцинацияға коронавируспен ауырғаннан кейін үш ай өткен соң рұқсат етілген деп атады. Бірақ сонымен бірге ауырғаннан кейін алты айдан соң вакцинация жасатқан жөн дейді.

ДДҰ аурудан кейін пайда болған антиденелер вакцинацияға кедергі келтірмейді деп бірнеше рет ескертті. Шетелде коронавируспен бұрын ауырған науқастар белсенді түрде вакцинацияланады, өйткені ол адам ағзасының қорғанысын арттырады. Бұл әсіресе “Дельтаның”таралуына байланысты өзекті болып отыр. Бұл жағдайда біздің денсаулық сақтау жүйесіне екеуінің біреуін таңдау керек: не болмаса антиденелері бар деген анықтаманы вакцинация паспортына теңестіру керек, не болмаса ауырып жазылған адамдарды вакцинациялауға тарту керек.

Әйтпесе, біздегі ауырып жазылған науқастарымыз жарты жылға белгілі бір “сұр аймаққа” түседі – вакцинацияланғандарға қол жетімді болатын мүмкіндіктер оларда болмайды, сонымен бірге егер міндетті вакцинация элементтері енгізілсе, олар кейбір санкцияларға ұшырауы мүмкін.

Мәселенің басқа нюанстарында да осындай жағдай: мысалы, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау. Ресейде бұған рұқсат берілді, ал бізде “Спутник” әзірлеушілерінен бұл жөнінде ешқандай түсінік берілмегенін мәлімдеуде. Балаларды вакцинациялауға рұқсат беру туралы ақпарат пайда болды – қазірдің өзінде екі вакцина аясында. Олардың бірі – бізде бар қытайлық “Синовак” өндірушісінен. Бізде әлі дәрігерлер ештеңе білмейді, олар вакцина әзірлеушілер Қазақстанды естеріне түсіріп, ресми хат жолдағанша күтіп отыра береді.

Осындай жағдайда ерекше нұсқаулар күтудің керегі жоқ, тек БАҚ-ты бақылап отырса жеткілікті. Егер қандай да бір маңызды ақпарат табылса, вакцина жасаушыларға және басқа елдердің медициналық мекемелеріне сұрау салу қажет!

Қызмет көрсету саласын бұзып алмау үшін мұқият жұмыс істеу керек

— Яғни, әдеттегідей. Кешенді жұмыс қажет, вакциналардың қол жетімділігі қамтамасыз етілуі керек, медицина қызметкерлері оқытылып, жаңа ақпаратты уақытында алуы керек, санитарлық дәрігер тезірек жауап беруі керек. Вакцина алғысы келмейтін адамдарға көпшілікпен байланысуға тырыспауы үшін максималды жеке жайлылықты қамтамасыз ету керек.

“Вакцинациялағың келмей ме – қашықтықтан жұмыс жаса және адамдар көп жиналатын жерлерге барма”

Әрине, бұл әрекетті күрделі шешімдерді ескере отырып және кезең-кезеңмен жасау керек. Әйтпесе, вакцинацияның қазіргі деңгейінде көп қызметкерлер жұмыстан шығып, Қазақстандағы қызмет көрсету саласы тоқтап қалуы мүмкін.

Қоғамдық денсаулық туралы алаңдайтындарға “жеңілдіктер” беру керек – қосымша және ақысыз демалыс күндері, медициналық сақтандыруға ақылы медициналық қызметті тегін алуға мүмкіндік беретін белгілі бір балл беру деген секілді қосымша әлеуметтік жеңілдіктер керек. Елде аурудың төмендеуіне қарай вакцинацияланған адамдар үшін ойын-сауық орындарын ашу керек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз