Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Вакцинация ең алдымен созылмалы аурулары бар адамдарды құтқарады – дәрігер

300

Бір жарым жылдан бері коронавирус біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Жұқпалы ауруға қарсы тұрудың жалғыз жолы – вакцинация.

Қазақстан үкіметі азаматтарды вакцинациядан өтуге белсенді түрде шақыруда. Соңғы аптада елде COVID-19 ауруының өсуі байқалды — бізге жаңа дельта штаммы келді. Вирус мутациялануда және жақында әлемдік ғалымдар «лямбда» штаммын анықтады. Ол аурудың  әсері одан да ауыр болуы мүмкін деп болжап жатыр. Қазақстанға ол әлі келген жоқ.

Екпемен оңайырақ

Медицина ғылымдарының докторы және Қарағанды медицина университетінің профессоры Бақыт Көшерова: вакцинация халықтың көпшілігін неғұрлым тезірек қамтыса, вирустың мутациялану ықтималдығы соғұрлым аз болады деп санайды. Сонда ғана оны жеңіп, пандемияға дейінгі өмір салтына қайта орала аламыз.

– Вакцинация ұжымдық иммунитетті және жеке антиденелік жасушалық иммунитетті қалыптастырады.

Адам ауру жұқтырса да, тұмаудың жеңіл түрі секілді оңай өтеді.

Науқасқа оттегі қолдауы және біз қазір тағайындап жатқан ауыр дәрілер қажет болмайды.

Дамыған елдердің тәжірибесі

– Халықты вакцинациялауға қалай ынталандырамыз?

– Вакцинацияға әрбір адам саналы түрде баруы керек.

“Антиваксерлердің” ығына жығылудың қажеті жоқ. Олардың дәлелдері қарапайым болғанмен басқалардың психикасына әсер етеді.

Айқын мысал ретінде Израильді алып қарастыруға болады. Онда алғашқы вакцинаны израильдіктердің 60% – дан астамы, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар да алды. Сондай-ақ, олар 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялай бастады. Қазақстан дамыған елдердің тәжірибесін қайталауы керек. Бүгінгі таңда олардың алдында белгілі бір дәрі-дәрмектерді, ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараттарын жинау немесе төсек-орын санын көбейту секілді міндеттер тұрған жоқ. Барлық күш-жігер вакцинацияға бағытталған.

Қазіргі жағдай

– Сіз мемлекеттің вакцинацияға ынталандыратын шараларын қалай бағалар едіңіз?

— Бүгінде көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметкерлерін вакцинациялауға ынталандыруда. Материалдық сыйақылар, түрлі сертификаттар қарастырылған. Әрине, егер жұмыс берушінің оған мүмкіндігі болса, бұл құпталатын жағдай. Дегенмен, адам сыйақы үшін емес, денсаулығын қорғау үшін саналы түрде вакцинациялануы керек.

Мен кейде біздің халықты түсінбеймін. Мен 30 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігермін. Бізде Қарағандыда да инфекциялық стационар бар. Бір апта бұрын біз оны жауып тастадық және аурудың төмендегеніне өте қуаныштымыз. Алайда оны қайтадан ашуға тура келді. Білесіз бе, науқастар өте ауыр жағдайда келіп жатыр – оларға оттегі мен күшті препараттар, соның ішінде гормондар қажет.

Вакциналарды таңдау

– Қазір біздің елімізде төрт вакцинамен вакцинациялануға болады:” Спутник V ” (Ресей), QAZVAC (Қазақстан), Hayat-Vax (Қытай) және CoronaVac (Қытай). Олардың әрқайсысының тиімділігін қалай бағалайсыз?

– Вакциналардың әрқайсысында әртүрлі дайындық технологиялары бар. “Спутник V” – бұл векторлық вакцина, онда коронавирустың s ақуызы организмдегі өткізгіш болып табылады. Қазақстандық және қытайлық вакциналар — инактивацияланған, яғни ауру туғызбайды, бірақ ағзада ол бөтен зат ретінде қарастырылғандықтан оған қарсы антиденелер қалыптасады.

Осы вакциналардың барлығы бойынша зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар бар. Олардың тиімділігі 90% – дан асатыны дәлелденген. Көп нәрсе ағзаның өзіне, иммундық жүйенің вакцинаға қалай әсер ететініне байланысты — барлығы жеке адам тұрғысында қарастырылады.

– Вакцина салудан қорқатын созылмалы аурулары бар немесе аллергиямен ауыратын адамдар не істеуі керек? Вакцинацияның қандай адамдарға қарсы көрсетілімдері бар?

– Уақытша қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. Мысалы, егер адам коронавирустық инфекциямен ауырса, бірақ қалпына келген сәттен бастап алты ай өтпеген жағдайда.

Кімге салдыру керек, кімге салдырудың қажеті жоқ?

— Уақытша қарсы көрсетілімдердің тағы бір түрі – жүктілік. Дегенмен, бұл бағытта жаңа зерттеулер пайда болып жатыр және болашақта жүкті әйелдер де вакцинацияланады деп ойлаймын. Уақытша қарсы көрсетілімге бала емізу де кіреді. Немесе адам жедел жұқпалы аурумен ауыруы мүмкін – бұл жағдайда ол екі апта бойы вакцинациядан бас тартқаны жөн. Бұдан бөлек тұрақты қарсы көрсеткіштер де бар.

Дәрі-дәрмектің қандай да бір компонентіне аллергиялық реакция өте айқын болуы мүмкін. Мысалы, Квинкке байланысты бөртпе шығу немесе ісіну. Бірақ, бұл жағдайда да қарсы көрсеткіштерді науқастың денсаулығының ерекшеліктеріне қарай учаскелік дәрігер анықтайды.

Қан қысымы, қант диабеті, семіздік, бауыр, бүйрек аурулары және т.б. сияқты созылмалы ауруларға келетін болсақ, мен осы аурумен ауыратын адамдарға вакцина салдыруға кеңес беремін. Дәл осы пациенттер тобында ковид өте ауыр өтеді және кейде осы ағзалар функцияларының декомпенсациялауына (қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына – ред.) алып келеді.

— “Бала кезімде пневмониямен ауырдым, ол кезде мені әрең аман қалған. Менің ауруды жұқтыруым екіталай, сол себепті мен вакцинацияланбаймын” деген адамдарды кезіктірдім. Бұл қате түсінік пе?

– Әрине, қате. Қазір мұндайды көп адамдардан естуге болады. Кейбірі жай қорқады және өз қорқыныштарын осылай ақтап алғысы келеді. Олар сонша неден қорқатынын мен түсіне алар емеспін?! Екпе салған кездегі ауырсынудан ба, әлде вакцинациядан кейінгі температураның жоғарылауынан ба? Қайта ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппаратына түсіп қалудан қорқу керек! Вакцинацияланбаған адамдарға төнетін қауіп әлдеқайда жоғары.

Вакцинация қарқыны маңызды

– Ұлыбританияда қаңтар айынан бастап COVID-ті жұқтырғандардың жаңа рекордтық саны анықталды – 26 068 жағдай. Алдыңғы антирекорд 27 қаңтарда тіркелген – 25 308 жағдай. Ол елдегі ересек тұрғындардың 62,4% – ы толық екпе салдырғанына қарамастан осындай жағдай орын алып отыр. Сонда вакцинация ауру жұқтырудан қорғамай ма және коронавирус біздің өмірімізден ешқашан кетпей ме?

– Вакцинация әсіресе қысқа мерзімде халықтың көп бөлігі вакцинацияланған кезде тиімді. Сол кезде ұжымдық иммунитет тез қалыптасады. Ұлыбританияда вакцинация қарқыны айтарлықтай тез болған жоқ. Мұндай жағдайда вирус мутациялануы мүмкін. Бірақ, тағы да қайталаймын, егер вирус вакцина алынған ағзаға енсе, ол адамда вакцинацияланбағандарға қарағанда ауру жеңіл өтеді. Себебі вакцина алмағандарда антиденелік иммунитет жоқ.

– Сонда егер халықтың көп бөлігі жақын арада екпе салдырмаса, күзде бізді ауру жұқтырудың жаңа толқыны және кезекті локдаун күтіп тұр ма?

– Локдаун туралы ештеңе айта алмаймын. Бірақ әрқашан болжамдардың оптимистік және пессимистік түрлері болады. Оптимистік жағдайда бәрі тұрақтанады және іскерлік белсенділік пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады. Пессимистік сценарий бойынша бізді тағы да аурудың күрт өсуі күтіп тұр. Соңында не болатынын болжау қиын, бірақ мен соңғы кездері халықтың сана-сезімі өсіп келе жатқанын байқап жүрмін. Барып, вакцинацияланып жатқан адамдар саны өте көп. Олардың арасында тіпті бұрын мүны қаламағандар да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз