Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Универсиадада 5 медаль еншілеген Анна Шевченкоға екі бөлмелі пәтер берілді

«Біз сіздің әрбір жарысыңызды қарап, жанкүйер болдық. Қазақстан құрамасының қоржынына бес бірдей медаль сыйлап, бәрімізді қуанышқа бөлегеніңізге рахмет. Тығыз дайындық жұмыстарына қарамастан, уақыт бөліп келгеніңіз үшін де алғыс білдіремін», – деді Болат Бақауов.

Анна Шевченко пәтер алу өзінің арманы екенін айтты.

«Бүгін тағы бір арманым орындалды. Маған қолдау танытқаныңыз үшін рахмет. Алғашқы жүлдемді алған соң маған облыс әкімі хабарласып жатыр деп тұтқаны берген кезде, қалжың деп ойлаған едім. Дегенмен көңіл сүйсіндірерлік іс болды», – деді шаңғышы.

Айта кетейік, XXVIII қысқы Универсиада ойындарында Павлодар облысынан 10 спортшы өңір намысын қорғап, 11 жүлде ұтып алды. Анна Шевченко үш қола, бір күміс және бір алтын медаль еншілеп, бір Универсиадада бес рет тұғырға шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз