Онлайн кредиттен ақша алып, басы үлкен бәлеге қалған қазақтың жетім қызы ел жұрттан ақыл-кеңес сұрап отыр:
«Мен үйдің жалғыз қызы едім. Әкем ерте қайтыс болып кеткен. Кішігірім ауылда анам екеуіміз тұрдық. Анам ауырып қалды. Емханаға барып қаралып едік, 4-ші деңгейдегі рак деді. Емханаға барып емделе бастадық. Сол кезде бір жігітпен сөйлесіп жүргем. Ол үйленейік деп ұсыныс жасады, мен анам жазылып кетсін, қоя тұр деген едім.
Анам 4 ай ауырды. Больницада бірге жаттым, жұмыстан мені шығарып жіберді. Оған өкінбеймін. Ақшадан қатты қысылдым! Содан «анаңыздын 5 күндік қана өмірі қалды, біз ештеңе жасай алмаймыз. Қолымыздан келгенін жасадық», деп шығарып салды больницадан.
https://kaz.365info.kz/tygyp-aldy-zhas-khalyndykh-algashkhy-neke-tyninde-korgen-khorlygyn-ajtty-321670
Өмірімнің біткен жері осы екен дедім. Менің қандай күйде болғанымды ешкімнің басына бермесін. Анамды үйге алып келдім.
Ақшам бітіп, онлайн кредитке баспен кірдім! 500 мыңдай акша алдым, ол бәленің проценті удай екен.
Ол кезде мені ол қызықтырмады, тек анамнын дәрісін алып бергеніме қуандым. Сөйтіп анамнан да айырылдым.
Мына өмірде жалғыз қалдым. Не бауырым жоқ. Содан анамнын әпкесінің баласы ұрлықпен ұсталып, ақша керектігін, үйді сататынын анамнын жетісінде. Мен далада қалдым.
Жападан-жалғыз тағы да онлайн кредиттен ақша алып, квартираға тұрдым. Қатты қиналдым. Содан әлгі сөз салған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.
Менде выбор болмады. Содан ауылға топ ете қалдым, ал онлайн кредиттер мені іздеп жатыр. Оны күйеуім білмейді. Айтайын десем шу болады, өйткені бар ақшаны енем ұстайды.
Қазір екі балам бар. 2 жылдан соң ғана жұмысқа шығам. Кредитті не істесем болады?
Адвокаттар бар ма? Процентін азайтып, 2 жылдан соң бөліп төлейтіндей ету үшін не істеуге болады? Жақын адамым да жоқ, кеңес сұрайтын. Әбден тозып кеттім, осыны ойлап. Күнде звандайды, қорқамын, келіп шу шығарса қайтем, енем бетіме басып күледі білсе. Ақыл айтыныздаршы, өтініш», дейді шарасыз қыз.
https://kaz.365info.kz/onymen-zhatpasam-zhymystan-khua-ma-azirbajzhan-kisinin-khol-astynda-istejtin-khazakh-khyzy-321820