Субсидия сұраймын деп сотталып тынды! Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, жүнге субсидия сұрап барып, әкімнің орынбасарымен жаға жыртысқан шаруа енді бір жылын түрмеде өткізуі тиіс. Десе де, өзін шенеуніктің құрбаны санайтын Алмасбек Садырбаев, сот үкімін әділетсіздік деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
“Садырбаева – Садырбаев Алмасбек Жұмабекұлы жасаған қылмыстық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сотталушы Садырбаев сот залынан қамауға алынсын”, – дейді Талдықорған қалалық сотының судьясы Анар Тоқтыбәкиева.
https://kaz.365info.kz/tutubaevtan-khytkharynyz-shendimen-shekisken-kasipker-bas-prokurordan-komek-syrap-zhatyr-foto-253988
Шенеунік одан қалды моралдық шығын ретінде шаруадан бақандай 10 миллион теңге сұратқан. Алайда, шапалақ үшін бұл сома тым көп деп шешсе керек, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектелді. Ал төбелесті бастаған мен емес деп шырылдағанына қарамастан, фермердің қолына тура сот залында кісен салынды.
“Сот шешімімен мүлде келіспеймін! Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!” – дейді Алмасбек Садырбаев.
Жанжал жүннен шыққан болатын. Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды деп онысын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та таяқ жедім деп желіге емес, бірден сотқа арызданған. Кабинетте болған оқиға таспаға түспеген. Іске тек орынбасардың сөзі мен дәліздегі көріністер ғана дәйек болыпты.
https://kaz.365info.kz/taldykhorgandagy-dau-akim-men-kasipker-zhaga-zhyrtysty-268266