Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
5
USD
431
-1.48
EUR
520
-1.09
RUB
5.73
+0.06

Түс жору. Мына 6 белгіні біле жүріңіз

8061

2. Ұшу

Түсіңізде өзіңіздің немесе өзгенің ұшып жүруі еркіндіктің белгісі. Жолыңыз болып, аяқ-қолыңызды байлаған адамнан әйтеуір құтылғаныңызды білдіреді. Бірақ, бұл жамандықты да білдіруі мүмкін. Бәлкім, сіз өз өміріңізді толықтай бақылауға ала алмай жүрген шығарсыз.

3. Бақылау немесе тест

Түсіңізде экзамен тапсырып жатқан болсаңыз, шынайы өмірде бір мәселені тереңінен ойланып жүрсіз деген сөз. Түсіңізде сұрақтарға жауап бере алмадыңыз ба? Бұл шектен тыс сыншылдықты білдіреді. Мұнымен қатар, қай пәннен экзамен тапсырып жатқаныңызға да мән беріңіз.

4. Құлау

Біреуді немесе бірнәрсені жіберуден қорқу. Өміріңізде бір адамға немесе бір затқа кенедейін жабысып алғансыз. Ол сізге еш қажеті жоқ жұмыс та болуы мүмкін. Құлау адам өз еркімен мойындай алмайтын сезімдерді білдіреді.

5. Өлім

Түсіңізде өлген болсаңыз, өміріңізде ерекше өзгеріс болып жатыр деген сөз. Бұл – позитивті белгі. Әрине, өзіңіздің табыттың ішінде жатқаныңызды көруіңіз қорқынышты, бірақ, бұл оң өзгерістерді ғана білдіреді. Ойыңызға алған жоспарларды іске асырып, түбегейлі өзгеретін уақыт келген сияқты.

6. Қашу

Түсіңізде біреу сізді қуып, сіз қашып жүрген болсаңыз, мойындауға батылыңыз жетпей жүрген қиындықтарға тап болған сияқтысыз. Қорқынышты адам – сіз өмірде ала алмаған үлкен сабақ пен тәжірибені білдіреді. Мұнымен қатар, бұл үлкен таңдаудың алдында тұрғаныңыздың белгісі болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз