Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тұрсын мені мәжбүрлейді”. Баян Мақсатқызы мойындады

155

– Мен өзіне 8 наурыз күні ғана күтім жасайтын қыздардың қатарынан емеспін. Күн сайын, жыл сайын өзіме күтім жасаймын. Әжімдерге қарсы кремді алғаш рет 20 жасымда сатып алған болатынмын. 5 жылдан кейін жасым 25-ке келетінін жақсы түсінетінмін. Жылдам қартайып кетемін деп қорқатынмын. Құрбыларымның беттеріне 30 жасқа толмай жатып әжім түсті. Ал менің бетімде әлі күнге дейін әжім жоқ. Олар күні бүгін ботекске барып жүр. Ал мен мұны қолданбаймын. Мен ине салдыратын күндерді барынша алыстатқым келеді. Уақыт өзінікін алады. Сол себепті, ерте ме, кеш пе мен осы инелерді салдыратын боламын. Меніңше, әрдайым 10 жылға жас көрінуге болады.

– Спортпен шұғылданғанды жақсы көресіз бе?

– О, жоқ! Керісінше Тұрсын тауға шығып, сөмкемен кірпіш арқалағанды, үнемі 6 км өрге шыққанды жақсы көреді. Әр сенбі мен жексенбі күндері Тұрсын “Тауға жинал. Мен ешнәрсе білмеймін, сен бәрібір тауға барасың!” деп айтады. Біз осылайша өмір сүреміз. Мен ешуақытта спорттық дүкендерге барып көрген емеспін. Міне бір жарым жылдан бері кроссовка сатып алуға үгіттеп келеді. Бұрын гардеробымда туфли, сөмке дегендер көп болатын. Ал қазір ол жерде спорттық аяқ киімдер өте көп. Мұны көрген Тұрсын “Ой, неткен әдемі еді!” дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз