Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-4
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Тырс дегізді…”. Еркек таксист танымайтын қызды қалай алып қашқандарын айтып берді

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-khandyrmajdy-ne-istesem-eken-bir-kelinshektin-zhan-syry-330393

Қыз жұмыс істейтін мекеменің маңына барып, бір қалтарыста тығылып тұрдық. Қалыңдық есепші боп қызмет ететін секілді онда. Екі сағат болды, үш сағат болды, әлі тосып отырмыз. Ақыры шыдамадым: „Қыздарың қайда, кетейік енді„ деймін. Олар маған қыздың қай кабинетте отыратынын айтып, түсіндіріп берді. Сұрап жатырмын: „Өзің қызды дұрыс танисың ба, шулатып жүрмей ме„ деймін.

Жігіттің сөзінен ұққаным, екеуі автобуста танысқан, бірден ғашық боп қалыпты. Артынан сұрастыра жүре, оның прокурордың қызы екенін біліпті. Дөкейдің қызы болған соң ойы одан сайын кеткен жігіттің.

Өзім барам ба деп оқталып отырғанда, түскі 12-де қыз жұмысынан шықты. Қазір ұстап алып, кетіп қаламыз деп ойладым. Бірақ қыз бірдеңені сезгендей, тұра жүгіріп автобусқа отырды. Сөйтіп босқа төледі ақшаны ана екі жігіт„ дейді қырғыз таксисі Алмазбек Таайлақов деп хабарлады Tengrinews.kz.

Таксист Алмазбек Ыстық көлдің жағасындағы Тамшы ауылында тұрады екен. 1992 жылдан бері кісі тасып, нәпақасын тауып жүр. Одан бері қыз алып қашудың түр-түрін көріпті өзі. Келесі бір оқиға Шолпан Атада болған екен.

„Бір жігіт үйленгелі жатқан ғой. Сөйтсе ең соңғы сәтте қалыңдықтың тұрмысқа шыққысы келмей қапты. Үйлері тойға дайындалып жатыр. Енді не істейді, онда қыз алып қашамыз деп шешіпті достарымен ақылдаса келе. Ал маған бәрібір, мен такисистпін, қыз алып қашушы адам емеспін. Бір досы ауруханада медбике боп істейтін қызды танитын көрінеді. Күйеужігіт оны өмірі көрмеген. „Жақсы қыз„ деп қояды досы да. Сөйтіп екі жігіт ауруханаға кіріп кеткен. Күйеужігіт екеуміз сыртта күтіп отырмыз. Екі сағат болды, жоқ аналар. Ақыры шыдамадық, екеуіміз де көліктен түсіп, олардың ізінен жүрдік.

https://kaz.365info.kz/tizesin-bygip-khonakhkha-erip-bargan-toregalidyn-zhary-koptin-kozine-erekshe-tysti-video-330314

3-қабатта екеуі бір қызбен сөйлесіп тұр екен, бізді көріп олар қызды тастап кетіп барады екен.

„Анау ма қыздарын „ дедім. Иә, – дейді. „Енді не қарап тұрсыңдар, кеттік„ дедім де қыздың сол білегінен ұстадым. Екіншісі келіп оң қолынан мықтап ұстады. Үшіншісі артынан итерді. Сүйреп барамыз.

Осы кезде бір мұртты дәрігер алдымыздан атып шықты. „Не істеп жатырсыңдар„ – дейді. Сол кезде қыз лып етіп сытылып кетті де бір кабинетке кіріп, ішінен бекітіп алды. Сонымен бітті. 5-6 сағатымыз босқа кетті.

Өстіп тұрғанда күйеу жігіттің есіне тағы бір қыз түсе қалды. Кеттік сонда деді. Ол қыздың анасы жоқ екен, әкесі мен ағасымен тұрады екен. Қыздың алыс туысы боп келетін әйелді тауып алдық. Сөйтіп ол кісіге телефон соқтырдық оған.

https://kaz.365info.kz/biz-de-korejik-mejrambek-bespaev-kolikten-tyse-salyp-bilej-zhoneldi-video-330507

„Апаңа ауылға барғалы жатырмын, барғың келсе дайын көлікпен менімен бірге барып ал„ – деді. Ол да апасын сағынып жүрсе керек, тез келісе кетті. Көлікпен біз бара қалдық есік алдына. Ол еш қаперсіз көлікке отырды.

Оны күйеужігіттің үйіне бір-ақ апардым. Басында бұлқан-талқан болған, артынан келісті. Жақсы отбасы боп кетті солар„ дейді қырғыз таксисі.

https://kaz.365info.kz/kirip-kelsem-ojnasynyn-ystinde-otyr-ajelinin-ystinen-tysken-khazakh-zhigit-syryn-ajtty-298780

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз