Британияда бір азамат азық-түлікке жалақысының 10-12 пайызын жұмсайды екен, бізде, менің жобалауымша, 40-50 пайыз.
Ал сол 2 жылда бізде тамақ пен дәрі бағасы 2 — 2,5 есе өскен, яғни 100-120 пайызға. Жалақы 20-30 пайызға.
Сонда пәтер жалдап тұратын жас отбасылар (егер әйелі декретте болса) қалай өмір сүріп жатыр? Тамақ, дәрі, киім, квартплата, коммуналдық қызмет, жолақы!
Инфляция мен бензин және басқаның бағасын ұстаудың, төмендетудің орнына министрлер, Ұлттық банк төрағасы оның қымбаттау себебін әр кез түсіндіреді.
Шығын, онсызда өсіп жатса, өздері нәтиже көрсетпесе, оның түсініктемесі кімге керек?
Бірақ, осыған қарамай, рухани жаңғыру аясында талай тендерлер өткізіліп, кітап аударылып, конференциялар өтіп, ескерткіштер тұрғызылуда…
Бұрын Үдемелі индустриялық бағдарламалар аясында кейін жабылса да зауыт ашылды деген хабар шығатын, қазір ол да жоқ. Сонда экономиканы қалай ұстап тұрмақ?
Нақты өндіріс болмаса, руханиятпен алысқа бармайтынымызды үкімет мүшелері түсінер деген үлкен үмітім бар….
Нұрмұғамед Байғараев
Фейсбук парақшасынан