Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

Түрмеде отырған алаяқтар халықты 2 млрд теңгеге алдаған

Түрмедегі алаяқтар бір жылда екі миллиард теңгені қалтасына басқан. Қылмыстық топ сақтық шараларын мейлінше қолға алған. Құжаттарынан қате таппайтындай, мінсіз логистикалық компания ашады, арнайы мобилограф жалдап сайттың жарнамасын сайлап қояды.

Тек содан кейін ғана халыққа көлікті тиімді бағамен «кез келген қаладан тасымалдап береміз» деп уәдені үйіп-төгеді. Құрығына тек қымбат машина иелерін түсіруге тырысқан. Сөйтіп «басқа қалаға жөнелттім» деген көлігі, не тілдескен адамы ақшамен қоса жоқ болып кеткен.

Ұрланған көліктерді бірден вин-коды өзгертіліп, шетелге сатып жіберіліп отырған. Қылмыстық топ еліміздің бірден тоғыз өңірінде айласын іске асырып отырыпты. Ал бәрін басқарып отырғандар Алматы облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылар екен. Олардың шоттарына күн сайын қомақты сома түсіп отырған.

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Елуден астам қылмыскер түскен ақшаны құмар ойындарына салған. Абақтыдағы камераларды тексеру кезінде топ басшыларынан діни кітаптар мен мыңдаған банк картасы табылған. Ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз