Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Түркия президенті Мьянмадағы жағдайды талқылау үшін Қазақстанға келді (фото)

122

Түркия басшысының ұшағы Астана халықаралық әуежайына кеше кешкісін келіп қонған. Түркия басшысын Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уйанык, Түркияның ИЫҰ-дағы тұрақты өкілі Салих Шен мен бірқатар елшілік өкілдері қарсы алды.

https://kaz.365info.kz/erdogan-myanmadagy-mysylmandarmen-zhylap-koristi-278633

Түркия президентімен қатар осы елдің премьер-министрінің орынбасары Хакан Чавушоглу, экономика министрі Нихат Зейбекчи, ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Озлю де келді. Президентті күтіп алу рәсіміне Сыртқы істер минстрі Мевлют Чавушоглу мен отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюль де қатысты.

Бұл сапары алдында Түркия президенті онда өңірлік мәселелерді, сондай-ақ Сириядағы, Ирактағы, Палестинадағы, Мьянмадағы жағдайды талқылаймыз депті. Ердоғанның айтуынша, Мьянмадан Бангладеште қашып барғандарға көмек көрсету мақсатында әйелі мен ұлы, сонымен қатар Түркия министрі, түркиялық СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы сапармен барған екен.

Айта кетелік, 10-қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті мен ЕХРО-2017 көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Саммитке 18 елдің басшысы келеді деп күтіліп отыр.

https://kaz.365info.kz/erdogannyn-kyzeti-akhsh-tagy-narazy-toppen-tobelesip-khaldy-video-262485

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз