Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Түркия президенті қайтадан сайланды

135

Мемлекеттік Анадолы агенттігінің мәліметі бойынша, саяси науқанға халықтың 87 пайызы қатысқан. Президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,5 процент даусын алып, жеңіске жетіп отыр. Ал оның оппозициялық партиядан басты қарсыласы Муар-ремИндже 30,6 пайызбен екінші орынға жайғасты.

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісіне сайлауға түскен 8 саяси партияның тек 5-уі ғана 10 пайыздық межені бағындырып, парламентке өтті. Алайда атқарушы биліктің Әділет және даму партиясы мәжілістегі басымдығынан айырылып қалды. Сондықтан ол жаңа үкіметті Ұлттық қозғалыс партиясымен бірігіп, “Халықтық одақ” аясында ғана жасақтай алады.

“Сайлаудың бейресми нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, халқым президенттік міндетті маған сеніп тапсырды. Оған қоса “Халықтық одаққа” және “Әділет және даму” партиясына мәжілістегі басымдықты беріп, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр”, — деді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз