Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Түркістанда 27 жастағы жігіт өзінен 14 жас үлкен келіншекке үйленді

375

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ал, жуырда, олардың отау құрғандарына арналған тойлары өтті, дүркіреп. Бүгінде қос ғашық Кентау қаласында бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

“Жүрекке әмір жүрмейді” деген осы шығар, сірә. Өйткені, өзінен 14 жас үлкен келіншекке басы бос бойдақ жігіт үйленіпті деген әңгіме бүкіл елге лезде тарады. Абдулла мен Қанатгүл әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Таныс-білістің соңы, махаббатқа ұласқан.

«Шыңғырып жатыр». Көлік ішінде қыз зорламақ болған таксист ұсталды (видео)

«Қанатгүлге ұсыныс жасадым, отбасын құрайық дедім. Бұл қалжың деп онша мән бермеді. Артынан қалмадым», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

«Сәлем» деп жаза салдым. Бұл қуанып қалған ғой. «Әрең дегенде жауап келді-ау», – деп. Жаза бастайды. Сөйтіп, 2-3 күнде телефон сұрайды», – дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Абдулланың жасы 27-де болса, Қанатгүл жуырда 42-ге толыпты. Екеуінің жас айырмашылығы он төрт жыл. Бірақ, соған қарамастан, қос ғашық жуырда шаңырақ көтерді.

«Қатырамын». Төреғали Төреәлі әріптестерін алдап кетті

Қос ғашықтың үйлену тойы Кентау қаласында дүркіреп өтті. Оған той иелерінің тілеулес жанашырлары түгел қатысып, қуаныштарымен бөлісіпті. Екі жақтың ата-аналары да осында жүр. Мыңжылдық құда болуды көксеген қонақтарға ерлі-зайыптылар ән шырқап берген.

«Қазір қазақта айтады ғой, махаббат жасқа қарамайды деп. Негізі мен оған өзім сенемін. Қанатгүлден басқа ешкімге қарамаймын. Өзімнің әйелім, сыйлаймын», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

Қанатгүл жергілікті балабақшаның бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бар уақытын балғындармен өткізеді. Солар күлсе күліп, шаттанса шалқып жүре беремін дейді. Ал, өзінің егіз баласы бар екен. Биыл, сегізге толыпты.

«Бәрі сұрайды, екі бала қайдан пайда болды деп. Мен екі баланы өзім үшін туып алдым. Оған өкінбеймін», –  дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Осы күні Абдулла мен Қанатгүл Кентау қаласында тұрып жатыр. Көктем шығысымен, ару қала Алматыға көшпекші. Болашаққа түзген жоспарлары да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз