Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Сұмдық-ай!”. Түркістанда жылқының кесірінен 5 адам қаза тапты

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы оқиға орнында жан тәсілім етті. Қаза тапқан жүргізушінің Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды.

Жолаушылардың бірі Шардара ауданының тұрғыны, қалған үш адам  Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты.

Тағы бір өзбекстандық жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, жүк көлігінің жүргізушісі (Қызылорда облысының тұрғыны) қамауға алынды. Полицейлер жылқының иесін іздестіріп жатыр», –  делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз