Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі ЖансейітТүймебаев Түркістан қаласының активіне Қазақстан Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды.
Облыс əкімінің өкімімен Түркістан қаласының әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа әкімді таныстыру кезінде аймақ басшысы лауазым иесінің жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаланың жүзеге асырлуын басты назарға алуды тапсырды.