18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
7
USD
378.87
-0.03
EUR
422.4
-0.34
RUB
5.87
0.00

Түрікменстанда нан тапшылығына қарамастан қымбат қонақ үйлер салынуда — шолу

Экономиканың барлық саласында проблема, бірақ ел ішінде бұл туралы ешкім сөз қозғамайды.

Түрікменстанда азық-түлік пен қолма-қол ақша тапшылығы жалғасуда. Халықаралық ұйымдар елдің болашағына алаңдаулы, жаңа реформалардың қажеттілігі жайлы көптеп айтып жатыр. Бірақ оның орнына билік қымбат нысандарды іске қосып, жекелеген өкілдер шетелде жылжымайтын мүліктер сатып алуда.

Бұл туралы оппозициялық және шетелдік БАҚ жазды.

Мақта жинаушылар: құлдар ма, әлде еріктілер ме?

Азатлық радиосы Anti-Slavery International құлдық пен мәжбүрлі еңбекпен күрес жөніндегі құқық қорғау ұйымының 5 сәуірде жарияланған есебі туралы сөз қозғады. Баяндама түрікмендік мақтаның Түркия арқылы әлемдік нарыққа асырылуы жайлы.

— Түркіменстан жыл сайын Түркияға 300 млн доллардан астам сомаға мақта мен тоқыма тауарларын экспорттайды, — деп жазады портал. Одан әрі тауарлар әлемге таралады, оның ішінде АҚШ-қа.

Ал АҚШ-тың кеден қызметі мамыр айында түрікмен мақтасын импорттауға тыйым салған болатын. Тыйым әлемнің кез-келген елінде одан өндірілген тауарлардың түрлеріне де қатысты болды. Өз шешімін америкалық кеденшілер былай деп келтірді:

мақта жинау кезінде мәжбүрлі еңбек, кейде балалар еңбегі да пайдаланылады

Жыл сайын билік студенттерді, бюджет қызметкерлерін, оқушыларды күштеп мақта плантацияларына шығаратын көрінеді.

Құқыққорғаушылар бұл мәлімдемені ел ішінде жиналған мәліметке сүйеніп кезекті рет растады.

Бұдан өзге, түрік компанияларының атауы да жарияланды.

— Баяндамада Таяу Шығыс елдерінің бірінде «Made in Turkmenistan» жапсырмасы бар джинс киімі сатылып жатқаны көрсетіледі», — деп атап өтті авторлар.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың зерттеушілері Түрікменстанда жұмыс істейтін түрік компанияларымен әңгімелескен. Және

олар түрікмен плантацияларында мәжбүрлі еңбекке сенбейтінін жеткізген

Алайда Anti-Slavery бұл тұжырымнан бас тартар емес.

— Түрікменстанда жұмыс істейтін көптеген түрік компаниялары халықаралық стандарттарды сақтауға ниетті. Алайда, соған қарамастан, шешім қабылдаған адамдар мақта өндіру кезінде Түрікменстандағы мәжбүрлі еңбектің сипаты мен ауқымы туралы әрдайым хабардар емес деп пайымдауға негіз бар, — делінген баяндамада.

Бұған дейін Вашингтондағы International Labor Rights Forum ұйымы Amazon және eBay интернет-дүкендері түркімен мақтасынан жасалған тауарларды сататынын хабарлады.

Сонымен қатар, түрікмен билігі мақта алқаптарында мәжбүрлі еңбек барын жоққа шығарады

2019 жылы Түрікменстан 550 мың га мақта егіп, миллион тоннадан астам мақта жинауды жоспарлап отыр.

Егер әлеуметтік реформалар жүргізбесе, жағдай бұдан да нашарлайды

Азия Даму Банкі (АДБ) Азияның дамуы жөніндегі соңғы болжамында, Түрікменстан билігіне реформалар жүргізуге кеңес берді. Біріншіден, 2019-да елдегі инфляция 9% деңгейінде болады деп болжануда. Салыстыру үшін, 2018 жылы Қазақстанда инфляция 5,43% құрады.

АДБ қызметкерлері халық өмірінің нашарлауы туралы айтылған Әлемдік банктің есебіне де ескерген. Бұны мамандар инфляцияның өсуімен және Түркіменстанда әлеуметтік жеңілдіктердің жойылуымен байланыстырады. Сарапшылар

үкіметтің 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап түрлі жеңілдіктердің — мысалы, тегін газ, электр, су және басқа да бірқатар қызметтердің күшін жойғанын атап өтті

— Үй шаруашылықтарының нақты табыстарын, халықтың сатып алу қабілетін, елдегі жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін ескере отырып, қазіргі уақытта жүргізілетін әлеуметтік қорғау жөніндегі бағдарламаларды қайта қарау қажет, — делінген құжатта.

2017 жылдан бері Азатлық радиосы негізгі азық-түлік өнімдерінің тапшылығы мен қымбатшылығы туралы үнемі айтып келеді.

Мемлекеттік дүкендердің алдында үлкен кезек қалыптасуда, ал нарықтық бағалар әлдеқайда жоғары

Экономикалық қиындықтар 2019-да жалғасын табуда. Қала базарларында сауда-саттық төмендегендіктен, сауда орындары жабылып жатыр.

Қымбатшылықтан халықтың сатып алу қабілетін төмендеген

Сонымен қатар, азық-түліктің ғана емес, қолма-қол ақшаның де тапшылығы жалғасуда.

— Ақпан айында Дашогузда банкомат жанындағы қысымнан жарақат алып, әйел қайтыс болған.

2018 жылы тіпті астанада да нанға кезекке тұратын болған,

— деп жазады Еуразия порталы.

Бұған дейін «Түрікменстан хроникасы» 27 наурыз күні Байрамалы қаласында нан алу кезегінде қарт адам қайтыс болғанын айтқан.

Бұл ретте нақты инфляция, ең алдымен, валюта нарығына қысым жасау салдарынан әлдеқайда жоғары.

Қара нарықта доллар түрікмендік Орталық банкінің ресми бағамынан бірнеше есе жоғары

Жалпы, АДБ экономиканың барлық саласындағы проблеманы атап өтті. Жыл сайынғы өсім әлі де бар болғанымен, күннен күнге азайып келеді.

Соған қарамастан, есеп авторлары атап өткендей, билік салтанатты қонақ үйлер мен басқа да қымбат жобалардың құрылысына ақша жұмсауды жалғастыруда.

Шетелден жылжымайтын мүлікті қалай сатып алып жатыр?

Eurasianet порталы хабарлағандай, жақында Turkmen басылымы АҚШ-тағы Түрікменстанның елшісі Меред Оразовтың капиталына қатысты тергеу жүргізген. Оның материалдық жағдайына журналистер «қыруар байлық» деп баға берген.

Оразов АҚШ-тағы елші болып Сапармұрат Ниязов кезінде тағайындалған, бұрын сыртқы экономикалық байланыс министрі болып жұмыс істеген. Елшілікте ол бірінші түрікмен көшбасшысы қайтыс болғаннан кейін де қалды.

— Оразов елші қызметіне тек 2002 жылы тағайындалса да, Turkmen.news басылымының айтуынша,

Құрама Штаттарға алғашқы инвестициялар 1994 жылы жасалған

2010 жылдары бұл компания Вашингтонда үй сату және сатып алу бойынша күдікті мәмілеге тартылған.

Бұл Оразовтың америкалық жылжымайтын мүлікке салған салымының бастамасы ғана. Негізінен Вашингтон және соның маңайындағы үйлер. АҚШ аумағында басқа да жылжымайтын мүліктер бар.

— Оразов пен оның отбасының ресми резиденциясы Вашингтонда Spring Valley ауданында орналасқан. Бұл үй 2005 жылдың сәуір айында 1,8 млн долларға сатып алынды. Оразовтың жұбайы Иринаның иелігінде Мэриленд штатындағы Чеви Чейз қалашығындағы пәтер бар.

Вашингтондағы Westover Place-тегі екінші үйді Оразовтың қызы 2007 жылы сатып алған, бірақ кейіннен ол басқа түрікмен шенеуніктеріне жалға беріле бастаған. 2013 жылы ол Вирджиния штаты Маклин қаласынан пәтер сатып алған, — деп жазады басылымдар.