Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Түрікменстанда адамдар аштыққа ұшырауда, бірақ өлшеммен берілетін азық-түлік алабайларға берілуде – БАҚ шолуы

278
Бердымұхамедов, зілтемір, Түркіменстан

Түрікменстанда азық-түлік дағдарысының күшеюіне байланысты билік азық-түлік алуға тұрған адамдар кезегі бейнетүсірілімге және фотоға түсіп қалмауы үшін шаралар қабылдауда. Азатлықтың хабарлауынша, мемлекеттік дүкендерге нанды жабылар алдында әкеліп, келесі күні таңертең сата бастайды.

Сауда қызметкерлерінің бірінің айтуынша, бұл дүкендер алдында адамдардың көп жиналуының алдын алу үшін жасалады. Тұрғындар сол үшін нанды әртүрлі және адамдар күтпеген уақытта әкеле бастағанын айтады.

Сәуір айының ортасында Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы және Вице-Премьер Сердар

Бердімұхамедов сауда министрінен мемлекеттік дүкендердің жанындағы кезекті жоюды талап етті. Ол бұл көрініс әкесінің “имиджін бұзады” деді

Сондай-ақ, билік банкоматтар алдында адамдардың жиналуына жол бермеуде. Мысалы, Марыда ұзын-сонар кезекке тұруға тыйым салынды. Мұның себебі –Гурбангулы Бердімұхамедов пен оның ұлы Сердардың беделіне “зиян келтірмеу”.

Түрікменстанда азық-түлік дағдарысынан басқа ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастада да қиындықтар бар.

Елордада азық-түлік кезегімен күрес бейнероликтердің жиі жариялануынан кейін орын алды – үлкен кезектерде жанжалдар мен төбелестер туындаған.

Дегенмен, азық-түліктің жетіспеушілігі мен нанға кезекте тұрғандардың жанжалы туралы хабарламалар әлі де келіп түсуде.

Халықтың көп бөлігі азық-түлік дағдарысынан зардап шегіп жатқанда, ақпарат көздерінің айтуынша,

кейбір шенеуніктердің үйлеріне қант қаппен, тауық еті қораптап және өсімдік майы шектеусіз жеткізіліп жатқан көрінеді.

Мұның бәрі адамдардың көз алдында орын алуда. Түркіменстан Үкіметі азық-түлік дағдарысының бар екенін мойындамайды, мемлекеттік БАҚ та бұл тақырыпты талқыламайды.

Иттер тоқ өмір сүруде

Алайда Түрікменстанда өлшеніп берілетін азық-түлік алабай иттеріне беру үшін  жиналып жатқан көрінеді. Азатлык, тіркелген алабайларға ай сайын 10 кг тауық еті, 30 кг тазартылған күріш және күн сайын бес бөлке нан берілтінін растады.

Лебапта алабайлардың иелері жедел түрде жергілікті ветеринарлық қызметтерден өздерінің үй жануарларына төлқұжат алуға тырысуда. Бірақ бұл оңай емес.

– Паспорт алу үшін мемлекеттік баж – 11 манат, 50 теңге. Бірақ 200 манат пара бермесе, ешкім иттерге анықтама бермейді. Бас ветеринарлық басқармада үй жануарының алабай екенін растату керек. Тағы 55 манатқа тұмылдырық сатып алу керек, – деді тілші.

Ол сонымен қатар “итке өлшеніп берілетін азық-түлікке” қажетті құжаттарды да білді,

егер сізде ит болмаса да, 300 манат пара беру арқылы анықтама алуға болады екен

Айта кету керек, Түркіменстанда алабайлар мен жылқыларға төлқұжаты алу жүзеге асырылуда, алайда шетелде жүрген жүздеген мың түркіменстандықтар өздерінің мерзімі өткен төлқұжаттарын жаңарта алмай жүр.

Эмиграциямен құтқару

Ресейге немесе басқа елдерге тұрақты тұруға кеткісі келетін азаматтардың саны өсуде. Бірақ билік адамдарға түрлі кедергілер жасауда.

Қазіргі уақытта Түрікменстаннан халықтың жаппай кетуіне сирек экспорттық рейстерді қоспағанда, коронавирустық пандемияға байланысты халықаралық әуе қатынасының тоқтауы да кедергі келтіруде.

Осыған қарамастан, Ресей Федерациясына қоныс аударушы мәртебесін алуға өтініш беруге тырысқан мыңдаған түркімен азаматтары Ашхабадтағы Ресей консулдығының алдына жиналуда.

Түрікменстаннан Ресейге халықаралық рейстер тоқтатылған сәттен бастап 12 чартерлік ұшақ ұйымдастырылды. Портал мәліметтері бойынша, ол ұшақ арқылы 12 мың түркімен азаматы елден кеткен. Тағы мыңдаған адамдар Ресейде тұруға рұқсат алуға тырысуда.

Ресей консулдығына қоныс аударушы мәртебесін алуға өтініш беру үшін азаматтар тіркеуден шығуы керек, бұл ықтимал қоныс аударушыларға қысым жасаудың тәсілі болды. Тіркеуден шыққан азаматтарға түрлі қиындықтарға кезіккен. Мысалы, тіркеуде жоқ адамдар басқ жаққа ұшу мүмкіндігін бірнеше ай күтуге тура келеді. Сонымен қатар, анықтамалар алу кешіктіріледі. Ұшып кетуге жоспарланған рейстер жүйелі түрде басқа күндерге ауыстырылады. Ресейде тұрақты тұруға үміткерлер үшін мұның бәрі қосымша қиындықтар туғызуда.

Сонымен бірге, Ресейге тұрақты тұрып қалу үшін көшуді жоспарлаған азаматтар арасында толқу туғызған

тамыз айында Мәскеуге барлық рейстер тоқтатылуы мүмкін деген әңгімелер

Азатлықтың айтуынша, өткен 10 жыл ішінде Түркіменстаннан 2 миллионға жуық азамат көшіп кеткен. Үкімет бұл деректерді әлі күнге дейін жоққа шығарған жоқ және растаған да жоқ.

Voices of Central Asia басылымы Ресей ІІМ сайтына сілтеме жасап,

тек 2020 жылы Орталық Азия елдерінен келген 145 мың азамат Ресей азаматтығын алғанын хабарлады

Түрікменстандықтар соңғы орында.

Сонымен қатар, бейресми мәліметтерге сәйкес, Түркияда тұратын түрікменстандықтардың саны жүздеген мың болуы мүмкін.

Мемлекеттік көші-қон қызметі халық санының кеміп бара жатқандығы туралы деректерді жарияламайды. Түркімен шенеуніктері мен мемлекеттік БАҚ жаппай көшіп кету тақырыбын талқыламайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз