Соған қарамастан үкімет тұрақты түрде жетістіктер туралы есеп беруде.
Түрікменстанда фермерлер дақылдардың бұрын-соңды болмаған өліміне алаңдаулы, деп хабарлайды Азатлык.
Марий велаятының Қарақұм этрапынан жерді жалға алушылар жергілікті әкімшілікке өрістердің қайғылы жағдайына шағымдануға келді. Бұл 2021 жылы мақта дақылдарының бұрын-соңды болмаған өліміне әкелді.
— Біздің егістік жерлер о бастап су мен тыңайтқышсыз қалды, енді жасылдана бастаған мақта аптап ыстықтан кеуіп жатыр”, — деді жергілікті диқандар.
Олардың айтуынша, егістіктерді суаруды қазір бастаса да, егінді құтқарып қалу мүмкін емес.
— Арам шөп жұлу кезінде адамдар қарықтың соңына тез жетіп қояды, басқасына өтсе де тез қайтады. Олар жұмысын тез бітіреді, себебі арам шөп те өте аз. Олар келіп, мақтаның көп бөлігі кеуіп қалғанын, қалғаны қурап жатқанын айтады. Мен өз егістігімді шарлап шығып, егін өлгеніне көзім жетті, – дейді олардың бірі.
Жылдан жылға суармалы су мәселелері, су құрылыстары мен сорғы станцияларының қараусыз жағдайы туралы хабарланады, бірақ билік бұл мәселелерді шешудің орнына ауыл шаруашылығында бәрі жоғары деңгейде деп мәлімдеуде.
Жергілікті әкімшілікке мақта алқаптарының жағдайын талқылауға келген жалға алушылар мәселенің екі себебі болуы мүмкін деп болжайды. Біріншісі – үкімет егіс басында оларға ауру тұқым берді. Екіншісі – олар өрістерді уақытында суара алмады.
— Бұдан кейін жылдағыдай кінәлілерді іздеп, барлық жауапкершілікті жалға алушыларға артпас үшін, сіздерге осыны ескертуге келдік, – деді әкімшілікке келген фермерлер.
Алайда әкімшілікте олардың арыз-шағымын қабылдамады.
Жалға алушылар әкімшіліктен қурап бара жатқан мақта алқаптары мәселесін шешіп беруін талап етті.
— Егер сіздер бір шешімін таппасаңыздар, біз жалға алынған жерлерді қайтарып береміз. Сосын ол жерді қалаған адамдарыңызға беріңіздер, – деді олар шенеуніктермен өткен кездесуде.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы қызметкерлері
Зеид су қоймасы толықтай қараусыз қалғанын, пайдаланудың ең негізгі нормалары сақталмайтынын айтты.
Олардың айтуынша, бұл сектор қазір апатты жағдайда. «Мамандар» тіпті суды дұрыс қолданудың қарапайым ережелерін білмейді.
Ауыл шаруашылығы мамандары Түрікменстанның осы секторындағы негізгі мәселе мамандарды даярлау мен білім берудің төмендігі, егістік жерлерді тиімсіз пайдалану екенін атап өтті. Мұның бәрі олардың сарқылуына және құнарлылығының жоғалуына әкеліп соғады.
Тағы бір өзекті мәселе: Түрікменстан үкіметі ауыл шаруашылығы мәселелерін шешудің орнына,
тиімсіз жобаларға миллиардтаған доллар жұмсайды,
ауыл шаруашылығы мәжбүрлі еңбекке негізделген, дейді жергілікті маман. АҚШ елшілігі Түрікменстанға Мургаб өзеніндегі суды тазарту үшін жер снарядын берді, бірақ олар қымбат жабдықты тиімді пайдалана алмай отыр, деді ол.
Сонымен қатар, қолма-қол ақша алу кезінде күнделікті қиыншылыққа тап болатын ауыл тұрғындарының арасында бұл күндері қосымша алаңдаушылық пайда болды. Жалақыны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Мара қаласына бару қажеттілігі қосымша шығындарға алып келуде.
Журналист бірнеше банк бөлімшелерінде болып, ауыл тұрғындарымен сөйлесті. Олар сенім артып отырған ақшаларын ала алмай кері қайтады.
— Банкоматы бар қай банкке немесе мемлекеттік мекемеге барсақ та, сырттан қарағанда дұрыс жұмыс істеп жатқандай көрінгенімен, қолма-қол ақшаны шешіп аларда банкоматтар бос болып шығады, – дейді ауыл тұрғындары.
Адамдар бір банктен екінші банкке қолма-қол ақша алуға үміттеніп барады, бірақ қазір ешқандай банктен ақша шешіп алу мүмкін емес болып тұр.
Халық Банктің алдында отырған полиция қызметкері банкомат жұмысының “құпиясын” ашты. Оның айтуынша, оларда ақша болмаса да, қосулы күйде қалып қояды.
— Әр банкте әдетте өшіп тұратын бір банкомат бар, сол банкоматта ақша болады. Егер келіссеңіз, қостыруға болады.
Бірақ ол үшін әрбір 200 манаттан 20 манат төлеуге тура келеді,
содан соң бір сағат ішінде Сіз қолма-қол ақшаңызды шешіп ала аласыз. Бірақ бізде шынымен де ешқандай банкоматта ақша жоқ, – дейді ол.
Азатлык 2016 жылдан бастап түрікменстандықтардың жалақыны қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде тап болатын мәселелері туралы хабарлап келеді. Сонымен қатар,
түрікмен ұлттық валютасының долларға қарсы құны төмендеуде,
ал алғашқы қажеттіліктегі тауарлардың бағасы күн сайын өсіп келеді. Ел билігі қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі мәселесіне ешқандай түсініктеме бермей отыр.
Түркіменстан қарулы күштеріне жедел қызметке көктемгі шақыру жалғасуда. Биылғы жылдың өткен жылдардан ешқандай ерекшелігі жоқ. Әскерге шақырылушыларды 2021 жылы да мектеп қабырғасынан әскерге алып кетеді.
Ашхабадтың кейбір мектеп оқушылары тіпті соңғы емтихан тапсырып үлгермейді.
Бұл туралы бітірушілерге мектеп басшылары ескертті.
Ашхабад мектептерінің 18 жастағы жас жігіттеріне таратылған шақыру қағаздарында 15 шілдеде таңғы 8-де әскери комиссариатқа келуге бұйрық берілген. Ал бұл күні мектептерде бітіру емтихандары жоспарланған.
Бітіру емтихандарына дейін әскерге шақыру тәжірибесі бірнеше жылға созылып келеді.
Алдыңғы жылдары 18 жасқа толған жастарды қызмет етуге бірден мектептен алып кетті. Ал елге ұшып келгендерді – дәл әуежайдан.
Әскери қызметшілердің айтуынша, бұл асығыс жинау тәжірибесі құрамды жинақтау мәселесіне байланысты туындайды. Соған қарамастан, жастар қызметке ешқандай дайындықсыз келеді. Көптеген мектептерде бастапқы әскери дайындық жоқ.
Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының алдағы қызметке қатысты алаңдаушылықтары артып келеді. Қарапайым жағдайлардың жасалмауы, дұрыс тамақтанбау, қажетті медициналық көмектің болмауы, әлімжеттік, бұрынғы қызметкерлер мен әскери жетекшілер тарапынан көбісін әскери қызметтен жалтаруға және қызмет көрсету орындарында басшылыққа пара беруге мүмкіндік іздеуге мәжбүр етеді.
Көптеген ата-аналар балаларының денсаулығына қатты алаңдайды. Түрікменстанда жедел қызмет етушілер арасында мертігу және өлім жағдайлары кең таралған.
Ұлдары әскерден аман-сау оралуы үшін ата-аналар параға беруге, ол үшін ақшаны қарызға алуға немесе мүлкін сатуға мәжбүр, сондай-ақ әскери қызмет ету кезінде балаларына қаржылық қолдау көрсетуге мәжбүр.
Жақында демобилизацияланғандардың айтуынша, қалыпты тамақтану үшін ата-аналар күніне кемінде 20 манат жіберуі керек.
Айына шамамен 600 манат немесе ОБ бағамы бойынша 187,5$ болады. Ақша ұялы телефон арқылы аударылады.
Экономикалық дағдарыс, жалпы жұмыссыздық және халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі жағдайында бұл сома көпшілікке қол жетімді емес.
Экономикалық қиындықтар әскери бөлімдердің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлауына да әсер етті. Антисанитария – бөлек мәселе. Қазіргі уақытта әскерге шақырылушыларды ұстау орындарында тіпті ыдыс жуатын құралдар да жоқ, бұл ыдыс-аяқты пайдалануда қауіп тудырады.
Бұл туралы елордалық әскери комиссариаттардағы ақпарат көздері хабарлайды.