Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешелендірілген соң қандай өзгерістер болатыны айтылды

Министрдің айтуынша,

банкті жекешелендіруден біраз пайда түседі. Ол ақшаның бәрі Ұлттық қорға салынады. Ал жаңа инвестордың келуімен корпоративті басқару жүйесі жақсарып, жұмыстың тиімділігі артады деген сенім бар.

«Біріншіден, барлық шарттар сақталады. Екіншіден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса береді. Бәлкім, «7-20-25»-ке де (ипотекалық бағдарлама -авт.) қатысады. Соның бәрі тиісті құжаттарда көрсетіледі. Инвестор келіспесе, банк сатылмайды. Үшіншіден, мемлекеттің сыйақысы сақталады. Міне, осы шарттар инвестордың алдына қойылады. Оған келіссе, банк сатылады. Келіспесе, басқасын іздейміз», – деп атап көрсетті Тимур Сүлейменов.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингі басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тажияқовтың айтуынша, жекешелендіру кезінде банктің 49 проценті инвесторға сатылады. Ал акцияның 51 проценті мемлекеттің иелігінде қалады.

«Бүгінде инвестор әлі анықталмаған. Жоспар бойынша жылдың ортасында біз нақты инвесторды таңдап аламыз. Нақты ұсыныстарды алып, бәрін жан-жақты пысықтайтын боламыз», – деді Ғалымжан Тажияқов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз