Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Тұрғымбаев су тасқыны кезінде 609 елді мекенді су басуы мүмкін екенін хабарлады

157

Оның айтуынша, үкімет су тасқыны кезеңіне 34 млрд теңге қаржы бөліп отыр.

Министр Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері соңғы екі жыл бойы жоспарланған су тасқынына қарсы шараларды жүргізбей отыр, ал Павлодар облысында мүлдем қаржы бөлінбеген, Солтүстік Қазақстанда тасқын қаупінің алдын алу шараларына бөлінген қаражаттың тек  37% жұмсалған, – деп атап өтті.

«Сондықтан биылғы су тасқыны кезеңіне толық дайынбыз деп айта алмаймыз», – деп атап өтті Тұрғымбаев.

«Су қорғау аймағында орналасқан үй тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру бойынша жоспарланған шаралар жүзеге аспай отыр. Қазір тек Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында осындай жұмыстар жүргізілуде. Ақтөбе облысында енді ғана қолға алынып жатыр. Бұндай орындарда барлығы 1700 ғимарат пен тұрғын үй орналасқан. Олардың ең көбі Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстарына тиесілі», – деп жалғастырды ІІМ бастығы.

Жалпы алғанда, Тұрғымбаевтың берген мәліметіне сәйкес 2019 жылы жоспарланған 91 шараның 36 ғана жүзеге асырылған. Нәтижесінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарындаға 33 елді мекен қауіп төніп тұр, олар су астында қалуы мүмкін.

«Сондықтан орталық және жергілікті атқарушы органдар жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін қаржы көзін іздеп табу керек. Аймақ әкімдері елді мекендерді қардан тазарту бойынша шараларды жүргізіп, еріген судың кесірінен болатын су тасқынының алдын алу керек. Сондай-ақ иесіз қалған су қоймалары мен бөгеттерді мемлекет меншігіне өткізу мәселесін шешуі қажет. Олардың барлығының жағдайы мәз емес», – деп атап өтті ІІМ бастығы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз