2018 жылғы наурыздың 1-інде сағат 12.55-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бірегей құлақтандыру жүйесінің техникалық даярлығын тексереді.
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Біртұтас дабыл беріліп, тексеру «Назар аударыңыздар!» деген хабарландырудан басталады. Электрдабылы іске қосылып, барлық теле және радиоарналар арқылы автоматты түрде қала халқы тексеру жұмыстары туралы хабардар етіледі.
Бұдан кейінгі тексеру жұмыстары әр айдың алғашқы бейсенбісінде сағат 12.55-те жүргізіледі. Ол күн мереке күнге келген жағдайда тексеру одан кейінгі бейсенбіге ауыстырылады.
«Осыған байланысты департамент Алматы қаласы және қала қонақтарын тыныштық сақтауға шақырады», — делінген ресми хабарламада.