Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

“Тыңдамай жатыр екен…”. Мирзияевтың тағдыры не болмақ?

Рустам Бурнашев

Мигранттан қорқудың қажеті жоқ

“Кейбір сарапшылар Өзбекстаннан келетін еңбек мигранттарының арасында діни экстремистер, содырлар, діни уағыз айтушылар толып жүр дейді. Бірақ олардан қорқудың реті жоқ.

Біздің зерттеулер бұл мәселенің соншалықты өткір емес екенін көрсетті. Мигранттар түрлі қиындықтарға ұшырап жатады. Тек сол кездерде ғана түрлі уағызшылардың «қармағына» ілінуі мүмкін. 

Содырлар мен діни экстремистер қой терісін жамылып, мигрант кейпімен көршілес елдерге өтіп жатыр деген әңгіме қисынға келмейді.

Әрине, ондай қауіп жоқ емес. Бірақ тым төмен, – дейді Бұрнашев.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Айтуынша әзір Өзбекстанда діни фанатиктер мүлде қалпаған, көпшілігі елден қашып үлгерсе,

басқаларын Кәрімов түрмеге тыққан.

“Кәрімовтің радикалдармен әңгімесі қысқа болатын – көзін жоятын олардың. Аман қалғандары ұзақ мерзімге сотталып, абақтыға қамалатын. Ал қазіргі президент басқа жолды таңдайтынын мәлімдеп отыр.

Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясында радикалдармен күресте күш қолданудың қажетті нәтиже бермейтіні айтты Мирзияев. Әрине, бұл мәлімдеме күш қолданудан мүлдем бас тарту керек дегенді білдірмейді, бірақ күрестің ең тиімді жолы –

адамдардың ақыл-ойын басқару, яғни үгіт-насихат жұмысын жандандыру.

Мирзияев осы жолды таңдап отыр. Соның ішінде басымдықты білім саласына беруде, – дейді Бұрнашев.

 

Мәселен…

Бұрнашевтың айтуынша 2017 жылы Ташкентте 2 оқу орны ашылса, Самарқандта ғылыми-зерттеу мекемесі ашылған. Бұлар жұртпен жұмыс істейтін, олардың сұрақтарына жауап, діни қағидаларға түсініктеме беріп, ел арасында ағартушылық жұмыс атқаратын дін саласының мамандарын дайындайтын болады.

“Бұл жерде көп нәрсе уағыз айтушының көңіл-күйіне, тыңдаушыны қаншалықты иландыра аларына байланысты.

Естеріңізде ме,

бірде Қазақстанда діни қызметкердің әйелді қамшымен қалай сабау керек екенін үйреткен видеосы “хит” болған.

Ал біз зайырлы мемлекетте өмір сүреміз, мұнда бірінші орында зайырлы заңдылық тұрады.

Тиісінше, діни қызметкер діни қағидаларды талқылау, түсіндіру кезінде осы зайырлы заңдылықтың шегінен шықпауы керек.

Қазір Өзбекстанда елмен жұмыс істеудің осындай жолына басымдық беріліп отыр”, – дейді ол.

Әрине, Өзбекстан сияқты 30 миллион халқы бар мемлекетке мұндай үш оқу орны аздық етері анық.

“Мен бұл жерде тек жаңадан ашылған оқу орындары туралы айтып отырмын. Ал ел арасындағы діни ағартушылық жұмыспен көп ретте медреселер айналысады.

Мәселен,

аты әлемге әйгілі Мири-Араб жоғары медресесі бүкіл Орталық Азиядағы діни мектепті қалыптастырды.

Бұл оқу орнының түлектері жоғары діни білім алады”, – дейді сарапшы.

https://kaz.365info.kz/olar-dajyndaluda-sayasattanushy-resejdin-aram-pigylyn-ashty-277708

Мақсатқа жету жолдары

Бұрнашевтың айтуынша Кәрімовтің кезінде радикалдармен күресті “сылтауратқан” билік оппозицияны құртып тынбақ болды. Кәрімовтің өмірден өткеніне біраз уақыт өтсе де әзіргі Өзбекстан әлі өтпелі кезеңде, бірыңғай стратегия әлі айқындалған жоқ. 

Мирзияевтың кезіндегі бір құбылыс – бір кездегі Кәрімовтың саяси қарсыластарын еш тергеусіз босатқан жағдайлар  орын алуда.

“Сөзіме дәлел болсын – 2017 жылы оппозицияның ең ықпалды деген 20 қайраткері бостандыққа шықты. Оның өзінде нақты санын айта алмаймыз, олардың кейбірі өздерінің бостандыққа шыққанын жария еткісі келмейді, олар ел көзіне түспей, ұмыт болғанды қалайды.

Рақымшылық бойынша бостандыққа шығарылғандар статистикасы Өзбекстан үшін рекорд – мыңдаған адам босатылды.

Бұл да Мирзияев әкелген саяси жылымықтың белгісі.

Өзбекстанның қазіргі ішкі жағдайына келсек, ішкі элиталық тартыс – табиғи дүние. Ондай күрес болмаса, қоғам да алға баспайды. Өзбекстанда реформаларды жүзеге асырудың өзіндік стратегиясы мен әдістері қалыптасқан.

Мәселен,

2017 жылғы қыркүйекте валюта саясатын ырықтандыру қарсаңында үлкен тартыс болды.

Бұған кейбіреулерлер қарсы шықты, түрлі келеңсіздіктердің орын алуы, халық тұрмысының күрт төмендеуі мүмкін екенін ескертті. Бірақ реформаны қолдағандар да көп болды”, – дейді Бұрнашев.

Айтуынша қазірдің өзінде Мирзияевтің командасы халықтың білім деңгейін көтеруді мақсат тұтып, ағартушылық жолды таңдаған. Алайда

күштік құрылымдардың өкілдері әдеттегідей, қатаң акцияларға – қудалаулар мен тұтқындауларға басымдық беруге бейім.

“Бұл – қалыпты дүние, солай болуы керек те. Бірақ кейбір бастамалардың аяқсыз қалып жатқаны қынжылтады.

Мәселен, президент былай десе, күштік құрылым басшылары өз дегенін істеуде.

Ашығын айтқанда күштік құрылымдар Мирзияевтың сөзіне құлақ аса бермейді. 

Бұл жағдай екіұштылық тудырып, радикалданудың қоғамға зиян көріністеріне әкеп соғуы мүмкін”, – дейді Бұрнашев.

Мирзияевтың өз тағдыры не болмақ?

“2017 жыл бойы бірқатар сарапшылар “халық Мирзияевтің саясатына наразы, көтерілуі мүмкін” деп қорқытумен болды. Әлбетте, билік атқарып отырған істің барлығы бірдей халықтың көңілінен шыға бермейтіні белгілі. Мәселен, валюта нарығын ырықтандыруды алайық. Бұл жерде көлеңкелі нарықта өз мүддесі бар адамдардың болуы хақ.

https://kaz.365info.kz/ash-ynda-y-zbek-oppozitsioneri-ajt-anym-ajdaj-keldi-k-rimov-ta-ynda-ldi-223239

Егер валютаның заңсыз айналымы туралы сөз қоғасақ, осы валюта нарығын бақылайтын күштер бар екені анық,

олар осы қызметтен түрлі ауызбастырықтар, «откаттар» алып отырады.

Сондықтан оларға Өзбекстанда валютаның еркін конвертациясының енгізілуі керек емес.

Бұл жердегі басты мәселе, бұл наразылықтың қаншалықты жүйелі болуы”, – дейді Бұрнашев

Сарапшының пікірінше бұл жерде қауіпті ештеңе жоқ.

Қазір жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізінде билік басында отырған азаматтардың шынайы экономикалық қажеттіліктері жатыр.

Сондықтан жүйелі түрде жасалып жатқан өзгерістер Өзбек элитасының көңілінен шығып отыр.

Қазір бұл елде халық қалыпты, тыныш өмір кешуде. Басты мәселе осы өзгерістердің тиімділігі мен жасалу жылдамдығында, қаншалықты түпкілікті екенінде. Бірақ дәл қазір Өзбекстандағы реформалар сондай сипатқа ие деп кесіп айтуға келмейді.

Бәрі бұрынғы таз қалпына келуі ғажап емес.

“Мәселен, экономиканы алайық. Мұнда көп нәрсе ауа-райына, қуаңшылыққа байланысты. Бәлкім, Кәрімовтың кезіндегідей мықты әлеуметтік саясатқа оралу қажеттігі туындайтын шығар, яғни, ауыл шаруашылығына, жастарға және егде тартқан адамдарға қолдау көрсету қажет болар. Алайда оған елеулі шығын шығады. Міне, осы қаржы экономиканы ырықтандыру есебінен алынатын болады.

Қазір визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі қарастырылуда. Егер мигранттар мәселесі бойынша қиындық туындайтын болса, өте қатаң шаралар мен жіті бақылау болады. Онда визалық тәртіпті жеңілдетуі екіталай болады, – дейді Бұрнашев.

Су мәселесі дауға айналмасын…

Келесі кезекте сарапшы Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы қарым-қатынасты сөз етіпті. 

— Кей сарапшылар су ресурстарына байланысты талас болатынын болжап отыр. Өйткені мұздықтар еріп, өзендердің деңгейі төмендеуде.

Өзбек пен қазақ арасындағы су мәселесі сонау кеңес өкіметі кезінен бар.

Абырой болғанда,

су бойынша әзірге екі ел арасында үлкен дау-дамай, талас-тартыс болған емес. Керісінше, қазір су жетіп жатыр.

Бірақ ондай мәселе болашақта туындауы мүмкін — Орталық Азиядағы су ресурстарын саяси сауда құралы ретінде пайдаланылуы ғажап емес.

Шын мәнінде,

бұл суға деген қажеттіліктен емес, саясат үшін ғана туындауы мүмкін.

https://kaz.365info.kz/ozbekstan-prezidenti-akhtobedegi-khajgyly-zhagdajga-kim-kinali-ekenin-ajtty-298624

Мұны Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастан айқын байқауға болады.

Ал енді Қазақстанға келсек, көршілес екі ел арасында ешқандай түсініспеушілік жоқ. Бауырлас екі мемлекет арасында Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану бойынша, Арал теңізінің бір бөлігіндегі су деңгейін қалпына келтіру сияқты нақты келісімдер бар”, – дейді Бұрнашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз