Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Түменова: Қазақстанға электронды темекі мен сыраны жарнамалауға рұқсат беру керек

180

Қазақстанда 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған әлсіз алкогольді сусындарды жарнамалауға рұқсат беру туралы 2019 жылы заң деңгейінде айтыла бастады. Ал 2020 жылы нақты іске асыруға кірісті.

11 қарашада мәжілісте ақпарат мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жобасын таныстыра отырып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлсіз алкогольді өнімдерді жарнамалау туралы норманы енгізу “бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің теңгерімін сақтауға” айналатынын айтты. Мәжіліс министрді қолдады.

Алайда, Сенат норманы қабылдамады. 21 желтоқсандағы пленарлық отырыста депутат Айгүл Қапбарова “бұл норманың алынып тасталуы себебі, алкоголь өнімдерін жарнамалауға тыйым салынғанына қарамастан, 2019 жылы сыра өндірісі 11%-ға артты” деп мәлімдеді. Сол пленарлық отырыста шарап туралы бір де бір сөз айтылған жоқ.

Сыра құмарлық

Бірақ, 2020 жылғы 11 қаңтардағы Жарнама туралы заң толықтырылуында отандық шарап жарнамасының ерекшеліктері туралы 14 – 2 – бапқа өзгерістер енгізілді. Яғни, ешқандай кедергісіз қазақстандық шарап жарнамасы заңдастырылды. Ал сыра туралы ештеме айтылмады.

“Аман-Саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова Қазақстанда күшті алкоголь мен темекі шегуді тұтынудың өсу проблемасын бірінші жыл көтеріп отырған жоқ. Ол елде никотин мен алкогольге тәуелді адамдарды жеңіл аналогтарға ауыстыруға тырысатын шет ел медқызметкерлерінің тәжірибесін қолдану керек деп санайды. Олар денсаулыққа аз зиян келтіреді. Мысалы, электронды темекі мен сыраға.

– Жақында мен бір учаскелік терапевтке сұрақ қойдым, ол өз учаскесінде артық салмақпен, қант диабетімен және темекі шегетін қанша пациенті бар екенін біледі ме? Білмейтін болып шықты. Ал дәрігерлер мұндай пациенттерге қандай кеңес береді? “Темекі шегуді таста, артық салмақтан құтыл”. Егер семіздік аурудың салдары болса, қалай арықтауға болады? 40 жылдық тәжірибесі бар адамға темекі шегуді қалай тоқтатуға болады? Егер олар тоқтамаса, жақын арада өлетінін өздері де біледі. Бірақ тастау мүмкін емес. Оларға ешкім көмектеспейді.

— Мүмкін олар қаламайтын шығар?

– Олар қаламайды да және соған шамалары жетпейді. Электрондық темекінің пайда болуымен көптеген темекі шегушілердің денсаулығына зиянды азайтуына олардың тәуелділігінен құтылуына мүмкіндігі бар. Бірқатар елдерде медицина қызметкерлері темекі шегушілерге стандартты темекіні электронды темекіге ауыстыруға кеңес береді.

– Тек Қазақстанда ғана оларды кәдімгі темекіге теңестіріп, жарнамасын, тұтынуы мен өткізуін шектеді ме?

– Тыйым салу – ескі кеңестік принцип. Бұл есірткіге тәуелді пациенттерге наркологтар метадонды алмастыратын терапияға ауысуды ұсынып жатқан кезде болып тұр.

Мәселе денсаулыққа зиянын азайту, денсаулықты жақсарту құқығын жүзеге асыру және тәуелді адамдар арасындағы қылмысты азайту туралы болып тұр.

Өйткені, тәуелділік оларды ұрлыққа, тонауға және төбелеске итермелейді.

Тыйым салу – тығырыққа тірейді

– Маскүнемдікпен де мәселе осындай.

– Иә. Бізде жаңа мәселе пайда болды. Күшті алкогольді ішімдіктерді тұтыну саны бойынша Қазақстан алғашқы ондыққа кірді.

Мұнымен бір нәрсе жасау керек. Мәжілісте заңнамаға алкогольсіз сусындар брендтерін жарнамалауға қатысты түзетулер енгізіліп, мақұлданды. Ал Сенат түзетулерді қайтарып берді. Сонымен қатар,

мысалы, егер күшті алкогольге тәуелді адамдардың кем дегенде 20%-ы әлсізге ауысса, отандық сыра өндірісіне, алкогольге тәуелді адамдардың денсаулығына, қоғамға және экономикаға пайдасы тиер еді.

Менің ойымша, бүгінде ғалымдар, медицина қызметкерлері, өндірушілер, БАҚ және ҮЕҰ қатысуымен зиянды азайту жөніндегі қазақстандық коалиция құру қажеттілігі пісіп жетілді. Ол заңнама, алдын-алу, тәуелділіктерді емдеуге көмек көрсету және денсаулық сақтау құқығын жүзеге асыру бойынша жұмыс істей аллатын еді. Бірақ тәуелділікке бірден жол жабу арқылы оны жеңу мүмкін емес.

Темекі не алкогольге қалай тыйым салуға болады, егер олар еркін айналымда болса? Тыйым салу – тығырыққа тірейді.

2021 жылы біз мемлекет пен тәуелді азаматтың арасында диалог пайда болуына жұмыс істейміз. Біз түсіндіреміз, ұсынамыз, талап ететін боламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз