Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тұмауды антибиотикпен емдеуді қою керек”- Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшин соңғы кездерде тұрғындардың тұмауды емдеу үшін антибиотикті жиі пайдаланатынына тоқталды. Сондай-ақ, ол мұның дұрыс еместігін айтып өтті.

“Өте маңызды мәселе көтеріп жатырмыз. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде антибиотик мәселесі өзекті болып тұр. Тұрғындар оларды дәрігердің нұсқаулығынсыз пайдаланады. Кейін оның ауруды емдеуге еш көмегі тимейді. Әлем осы проблеманың алдында тұр”, — деді ол.

Әрі қарай комитет төрағасы антибиотикті қандай жағдайда ғана қолдануға болатынын жеткізді.

“Жалпы тұмауды бастапқы кезеңде антибиотикпен емдемеу керек. Олардың еш тиімділігі жоқ. Вирусты жоюға көмектесетін арнайы препараттар болады.

Бірақ оларды дәрігерлермен кеңесіп пайдалану қажет. Себебі дәріге қатысты кей ақпаратты дәрігер ғана түсінеді. Жалпы антибиотиктерді кеңесе отырып пайдаланған дұрыс”, — деп қорытты сөзін Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол елімізде азаматтарға вакцина салу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын, бұған қанша қаражат кететінін айтып өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз