Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түбі әшкере болады… Желтоқсанның құрбандары біз ойлағаннан әлдеқайда көп

408

«Бұл ешқандай қоспасыз, ащы оқиғалардан құралған жинақтар. Тіпті

оның ішінде мәйітханада өлді деп тастай салған қыз баланың тірі болып шыққаны жөнінде де мақала бар.

Желтоқсанның жұмбақтары көп қой. Мәселен, жетінші томында Жамбыл облысындағы Жуалы аудандық ауруханасында дәрігер болып қызмет істейтін Сағынбекова Ләззаттың материалы басылған. 1986 жылы мединституттың төртінші курсында оқыпты. Студенттер мәйітханаға барып, кім неден өлді, қандай жарақаттан қайтты деген қағаз толтырады екен. Желтоқсанның 19-ы, я болмаса 20-ма екен, «Ләззат Асанованың қағазын мен толтырдым, – деп жазады ол. – Оның есімде қалғаны: менің де атым Ләззат, оның да аты Ләззат еді. Бойы орташа, шашы көмірдей қара, әппақ, сұлуша келген қыз екен. Шүйдесі жарылған, денесінде таяқтың дақтары болды…»

Міне, Желтоқсанның біз білмейтін ақтаңдақтарының бір әңгімесі.
https://kaz.365info.kz/zhelto-san-o-i-asyn-k-zimen-k-rgender-ala-an-a-b-kti-b-l-na-yz-yr-yn-edi-241785
Әлі де талай шындықтардың беті ашылатын шығар. Автомобиль жолдары министрлігінде Мағнұр Мақанов деген ағамыз министрдің орынбасары болған. Ол да қамалған. Осы жетінші томда ол кісінің де естеліктерін бердім. Ол кісі «Менімен қамалғандардың үшеуі бір түнде асылып өлді» дегенді айтады.

Біз әлі күнге дейін санаулы адамдарды ғана Желтоқсан құрбандары деп жүрміз. Демек, қазақ үшін қасіретті болған Желтоқсанның құрбандары біз ойлағаннан әлдеқайда көп.

Ашылмай жатқаны қаншама? Мен келер ұрпаққа осы кітаптар арқылы Желтоқсан оқиғасының бүкіл ащы шындығын ашып бере берсем деймін. Сол үшін қасіретті Желтоқсан оқиғасына байланысты естелік әңгімелерді ерінбей-жалықпай жинастырып, кітаптар шығарып жүрмін», дейді.

Демек, желтоқсан көтерілісінің ашылмай құпиялығын сақтап жатқан ақ таңдақ беттері көп.

Түбі шындық салтанат құрып, осы бір кездің барлық шындығы ашылып, оған кінәлілер әшкере болатын кез әлі алда секілді.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khonaevkha-ne-istegenin-bilesizder-me-zheltokhsan-okhigasyna-khatysushy-kozimen-korgenin-ajtty-294883

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз