Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Туристерді тегін қыдыртам!”. Белгілі журналист Универсиада қонақтарына тосын сый әзірлеп отыр

Бұлар менің гастрономиялық рейтингімде жоғары орында тұрған дәмді және қаланың шуынан оңаша орналасқан. Ал мен қай жерден тамақтануға болатынын жақсы білемін.

Гастросапарыма сай қонақтар бізбен бірге бір жерден түстенсе, кешкі асын басқа жерден ішеді. Сонымен қатар асты қалай әзірлейтінін көрсетіп тікелей тамақ әзірлейтін жердің “асханасымен” таныстырамыз.

Жалпы Алматыны басқа қырынан көрсетуге уәде береміз. Сіз өзіңіз бұрын-соңды көріп білмеген құпиялармен таныс боласыз.

Өз тарапымнан толық қауіпсіздік қамтамасыз етемін. Турист ретінде бұған алаңдамауыңызға болады. Сонымен қатар жанымда Аида есімді сүйкімді аудармашым болады. Көлігім де жаман емес.

Шымбұлақ, Медеу, Көктөбе сияқты қайталана беретін көріністерден шаршаған туристер Универсиадан тыс уақытын бізбен бірге өткізсе ұтылмайды. Бұл сапардан сізден ерекше ләззат аласыздар.

Айтпақшы, ақша керек емес. Мұнымыз сүйікті қаламыздың әдемілігін жарнамалау мақсатында жасалып отыр.

Біздің ұсынысымызға қызығушылық танытқандар болса, ватсапқа шығуларыңызға болады. Телефон нөмірім: +77019905504″, – деп жазыпты журналист.

Өз кезегінде әлеуметтік желідегі жұрт журналистің бұл бастамасын оң қабылдапты. “Нағыз қала патриоты осындай болуы керек! Туристер Алматыны басқа қырынан тамашалаған болса, бұл қаламызға жасалған тегін жарнама. Осы гастротурды ұнатқан туристер, сөзсіз келесі жылы да осында келеді” дейді желідегі қауым.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз