Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Туған жерім” деме, соттап жібереді. Жердің бәрі жекеменшікте – Тұрсын Жұртбай

Бұл жөнінде белгілі алаштанушы, ғалым Тұрсын Жұртбай мынадай ой қозғайды:

Біз ұлттық идея мен ұлттық мүддеден ұзақ уақыт ажырап, тылсым кеңістікте (кеңестік дәуір) өмір сүрдік. Қазір де сол кеңестік тылсымның кеңістігі бізді іштей де, сырттай да рухани басыбайлылықтың ауасымен тыныстауға мәжбүр етіп отыр. Бұл созылмалы дерт үзілмей келе жатыр. Бұрын да айтып жүргенімдей,

біртұтас Алаш идеясын біздің мемлекетіміз негіз етіп алуы керек.

Ол идеяда мемлекетке, қоғамға, ұлтқа, жеке адамға ортақ және бәрінің арманы, мүддесі, қиялы, рухани дүниесі қамтылатын мәселе болуы тиіс.

Осыдан кейінгі маңыздысы – жер, жер және жер. Ол мемлекеттік құрылым, күнкөріс, тіршілік, тыныстайтын ауа, өмір сүретін орта. Ұлттың өз ішінде емін-еркін айналуына мүмкіндік беретін кеңістік. Қазір бұл мәселе біз үшін сауданың құралына айналды.
https://kaz.365info.kz/khazakh-nege-mangyrt-tyrsyn-zhyrtbaj-305347
Мысалы, бүкіл қазақтың асқақ арманының белгісіндей болған Хан тәңірінің бауырына барып, ауасымен тыныстап, еркін аралаймын десеңіз, қатты қателесесіз.

Өйткені ол жердің әрбір тасы, бұтасы мен сай-саласы жекенің меншігінде. Әрқайсысында қолына мылтық ұстаған бір-бір күзетші.

Сіз жолдың шетінде тұрып бұлт басқан Хан тәңірін көздің қиығымен ғана шалып өте аласыз. Өзі жатсынып тұрған асқар шыңға сіздің қандай сезіміңіз оянуы мүмкін? Сол сияқты Көкшетау, Жұмбақтас секілді көздің жауын алатын жерұйыққа табанды еркін басу мүмкін емес.
https://kaz.365info.kz/bylykhkha-toldykh-khazakhstandy-batys-azhaly-zhagalap-zhyr-302565
Бұл – өз Отаныңа, жеріңе жатсына қарауға әкеледі.

Қазақ ақындарына қайран қаламын: «Туған жерім», «кең далам», «Сарыарқам», «Атырауым» деп жырлайды.

Егер де әрбір жер иесі сол ақынды сотқа берсе, жеңеді деп ойлаймын. Өйткені Атырау, не болмаса Сарыарқаның қай төбесі қай ақындікі?

Өзгені былай қойғанда, мына жағы мың жарым, түстігі мың жарым, оңтүстігі, солтүстігі мың жарым шақырымға дейін елдімекен кездеспейтін Торғайдың құрдымындағы Ақкөлді де жекеменшікке айналдырыпты.

Сол Ақкөлдің балығымен күнін көріп отырған қалың қазақ несібесінен айырылды.

Бұл, былайша айтқанда, стратегиялық маңызы бар көл. Сол елдің адамдары Ақкөл толқыған жылдары балығын ала алмайды, ал суалған жылдары сол көлдің табанындағы өлі балықтарды тазартып, өртеумен азапқа түседі. Өйткені иістеніп, індет таралуы мүмкін.

Мысалы, әрқайсымыз өз ауылымызға барғанда бір сиырдан артық мал ұстамай отырған ағайын-туыстарымызды көреміз. Сұрасаң «шөп жоқ» дейді.

Демек, иелігінде жердің жоқтығының белгісі. Иен жатқан дала, бірақ оның иесі бар.

Жер мәселесі шешілмей, менің ойымша қазақтың ұлттық мүддесі қалпына келмейді…

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khazakh-olejin-dep-tyr-tyrsyn-zhyrtbaj-297489

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз